Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


и таңбасы бір емес, екі тіркестің  таңбасы екенін де аңғаруға болады. Сонымен  и



Pdf көрінісі
бет162/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   225
и
таңбасы бір емес, екі тіркестің 
таңбасы екенін де аңғаруға болады. Сонымен 
и 
таңбасының әліпби 
жазылымы төмендегідей болатыны күман тудырмауға тиіс. 
Жуан әуезді сөздердің құрамында.
Жуан (қысаң) әуезді 
Ы [ɪ]
мен үнді (жуысыңқы) 
Й [y]
дауыссызының 
тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын бұзбай, тасымал ретін сақтау 
үшін 
ЫЙ [ɪy]
болып жазылады: 
Сөз басында 
й[y]
кездеспейді, сондықтан алдынан 
ы[ɪ]
қосылады: 
иық (ыйық) [ɪ-yɪq];
Сөз ортасында: 
тиын (ты-йын) [tɪ-yɪn], қыйын (қы-йын), [qɪ-
yɪn], жыйын (жы-йын) [jɪ-yɪn];
Сөз соңында: 
тый (тый), ылғый (ыл-ғый) [ɪl-ğɪy], сыный (сы-
ный) [sɪ-nɪy], ысый (ы-сый) [ɪ-sɪy];


246
Жіңішке әуезді сөздердің құрамында.
Жіңшке (қысаң) әуезді 
İ[i]
мен үнді (жуысыңқы) 
Й[y]
дауыссызының 
тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын бұзбай, тасымал ретін сақтау 
үшін 
İЙ[iy]
болып жазылады:
Сөз басында кездеспейді, сондықтан алдынан 
і[i]
қосылады: 
и (ій) 
[iy], иіс (і-йіс) [i-yis], ирек (ій-рек) [iy-rek], ие (і-йе) [i-ye], ине (ій-не) 
[iy-ne];
Сөз ортасында: 
киім (кі-йім) [ki-yim], шие (ші-йе) [şi-ye], тиін 
(ті-йін) [ti-yin], сирек (сій-рек) [siy-rek];
Сөз соңында: 
ти (тій) [tiy], би (бій) [biy], бәлки (бәл-кій) [bäl-
kiy], іскери (іс-ке-рій) [is-ke-riy].
Ендеше латын әліпбиіне қазіргі кирил орфографиямыздың 
үлгісімен өтуге болмайды. Онда кирилдегі тілбұзар ережелерімізді 
сол күйінде қайталаған болып шығамыз. Сондықтан алдымен қазақ 
мәтініне «әліпби транскрипция» жасап алуымыз керек. Сонан соң 
барып қазақ тілінің төл дыбыстарын латын әліпбиіне көшіреміз. 
Осындай реформаның нәтижесінде қазақ тілінің:
- төл дыбыс құрамы кірме таңбаларсыз таза анықталады;
- төл дыбыс құрылымы (жүйесі) сақталады;
- морфем құрамы бұзылмайды;
- буын тұрқы жаңсақ жіктелмейді;
- тасымал реті сетінемейді;
- сөйлем ырғағы сақталады. 
Латын әліпбиіне өту үстіндегі жазу реформасының басты нәтижесі 
осы болмақ.
Өкінішке қарай, бұл дыбыстың ақиқат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет