Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


-кесте. Қазақ тілі дыбыстарының жиынтық сингема (қою таңбамен



Pdf көрінісі
бет21/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   225
3.2-кесте. Қазақ тілі дыбыстарының жиынтық сингема (қою таңбамен 
белгіленген) және аллосингема (сұйық таңбамен белгіленген) құрамы
4.2-
кесте. Қазақ тілі дыбыстарының жиынтық сингема (қою
таңбамен белгіленген) және аллосингема (сұйық таңбамен
белгіленген) құрамы.
а
ы
 
... 
ә
і
е
 
... 
ұ
о
... 
ү
ө
п
 
б
 
м
п'
б'
м'
пº
бº
мº
п'º
б'º
м'º
т
 
д
 
н
т'
д'
н'
тº
дº
нº
т'º
д'º
н'º
қ
 
ғ
 
ң
к'
г'
ң'
қº
ғº
ңº
к'º
г'º
ң'º
с
 
з
 
р
с'
з'
р'
сº
зº
рº
с'º
з'º
р'º
ш
 
ж
 
л
ш'
ж'
л'
шº
жº
лº
ш'º
ж'º
л'º
й
й'
йº
й'º
у
у'


32
Келесі бөлімдерде қазақ тілінің үндесім дыбыстарының талданымы 
өз алдына, үйлесім (ассимилятив) дыбыстарының талдауы өз алдына 
беріледі.
Атаулар:
- фонетика
– тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тілтаным саласы;
- акустикалық (айтылым) фонетика
– дыбыстар мен сөз ора-
лымдарының физикалық табиғатын зерттейтін тілтаным саласы; 
- артикуляциялық (жасалым) фонетика
– тіл дыбыстарын жа-
сауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қозғалысын талдайтын фонетика 
саласы;
-
перцепциялық (естілім) фонетика 
– тіл дыбыстарының түй-
сінім сипатын талдайтын фонетиканың саласы;
- сингармонизм (үндесім)
– буын не сөз құрамындағы дыбыс- 
тардың бастан-аяқ бір әуезбен айтылуы;
-
езулік 
– еріннің жазылып барып жасалуы;
-
тіл үндестігі 
– буын не сөз құрамындағы дыбыстардың тілдің 
көлденең қалпына қарай (жуан/жіңішке) өзара икемделуі;
- еріндік
– еріннің сүйірленіп немесе дөңгеленіп барып жасалуы;
- ерін үндестігі
– буын не сөз құрамындағы дыбыстардың ерін 
қатысына қарай өзара икемделуі;
- ассимиляция (үйлесім)
– көрші дыбыстар жасалымының
бір-біріне өзара икемделуі;
- дыбыс
– ауыз қуысында жасалып (жасалым), ауа арқылы тарап 
(айтылым), құлақ арқылы қабылданатын (естілім) фонетикалық бірлік;
- ашық дыбыс
– жақтың кең ашылып, тілдің ауыз қуысында 
төмен жатуы арқылы жасалатын дауысты дыбыс;
- қысаң дыбыс
– жақтың қысаң ашылып, тілдің ауыз қуысында 
жоғары жатуы арқылы жасалатын дауысты дыбыс;
- монофтонг (жалаң)
– бастан
-
аяқ біркелкі дыбысталатын дауы-
сты дыбыс;
- дифтонг (құранды)
– бір (толық немесе жартылай) дыбыстан 
басталып, екінші (толық немесе жартылай) дыбыспен аяқталатын
дауысты дыбыс; 


33
- дифтонгоид
– солғын дыбыстан басталып, екінші толық немесе 
анық дыбыспен аяқталатын дауысты дыбыс; 
- аффрикат (жабысыңқы)
– тоғысыңқы/жуысыңқы немесе жуы-
сыңқы/тоғысыңқы жасалу тәсілдері өзара кірігу арқылы жасалатын да-
уыссыз дыбыс;
- дауыссыз
– 1) Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергі-
ге ұшырап шығуы нәтижесінде жасалады. 2) Дауыссыздардың жасалы-
мына дауыс желбезегі толық қатыспайды: үн (үнді дауыссыздар), ызың 
(ұяң дауыссыздар) мен шудың (қатаң дауыссыздар) қатысуымен жаса-
латын дыбыстар (дауыстыларға қарама-қарсы). 3) Дауыссыздар буын 
құрай алмайды. Дауыссыздар жүйесі лингвистика ғылымында консо-
нантизм деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет