Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


- дауысты (тербелмелі) дыбыс



Pdf көрінісі
бет22/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   225
- дауысты (тербелмелі) дыбыс
– 1) Өкпеден шыққан ауаның 
ауыз қуысында еркін өтуінен пайда болатын дыбыстар. 2) Дауыс жел-
безегінің толық тербелімі арқылы жасалады. 3) Дауыстылар буын 
құрайды. Дауыстылар жүйесі лингвистика ғылымында вокализм деп 
аталады.
- қатаң (тербеліссіз) дыбыс
– дауыс желбезегінің қатысынсыз 
жасалатын дауыссыз дыбыс;
- ұяң (тербеліңкі) дыбыс
– дауыс желбезегінің жартылай тер-
белімі арқылы жасалатын дауыссыз дыбыс;
- үнді (тербелімді) дыбыс
– дауыс желбезегінің мол тербелімі 
арқылы жасалатын дауыссыз дыбыс;
-
сингема
– түркі тілдеріндегі сөз мағынасын түрлендіре алатын 
ең кіші фонетикалық бірлік;
- аллосингема 
– сингеманың фонетикалық варианты;
-
тонема
– буын тілдердегі сөз мағынасын түрлендіре алатын ең 
кіші фонетикалық бірлік;
-
аллотонема 
– тонеманың фонетикалық варианты;
- фонема 
– үнді-еуропа тілдеріндегі сөз мағыналарын түрлендіре 
алатын ең кіші фонетикалық бірлік;
- аллофон
– фонеманың фонетикалық варианты;
- транскрипция 
– сөйлеу үстіндегі дыбыстардың түрленім үл-
гілерін белгілейтін таңбалар;


34
- фонетикалық транскрипция
– сөйлеу үстіндегі дыбыстардың 
барлық айтылым үлгілерін белгілейтін таңбалар; 
- фонологиялық транскрипция
– сөйлеу үстіндегі мағыналық 
мәні бар дыбыс түрленімін белгілейтін таңбалар;
- халықаралық фонетикалық әліпби
– әлемдегі тілдердің ды-
быстары мен дыбыс түрленімін белгілейтін тіл-тілдің бәріне ортақ таң-
балар жиынтығы.
4. ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫ
Қазақ тілі дыбыстарының талдану жолдары мен жіктелімі жаңаша 
қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет