Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет23/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   225
Фонетикалық талдау
:

дыбыстың жасалымы (артикуляциясы), дыбыстың жасалымына 
қатысты сөйлеу мүшелері мен олардың қалпын анықтайды;

дыбыстың айтылымы (акустикасы), дыбыстың айтылымына қа-
тысты ауыз қуысы мен көмей қуысының өзара жүйесін (резонаторлар 
немесе жаңғыртқылардың қалпын) анықтайды;

дыбыстың естілімі (перцепциясы), дыбыстың естілім түйсінімін 
анықтайды.
Үндесім (сингармонизм) талдау:

дыбыстардың үндесім жасалымын анықтайды;

дыбыстардың үндесім айтылымын анықтайды;

дыбыстардың үндесім естілімін анықтайды.
Үйлесім (ассимилятив) талдау:
-
дыбыстардың үйлесім жасалымын анықтайды;
-
дыбыстардың үйлесім айтылымын анықтайды;
-
дыбыстардың үйлесім естілімін анықтайды.
Тіл дыбыстары 
дауысты 
және 
дауыссыз 
дыбыстар болып екіге 
бөлінеді. 
Дауысты дыбыстар
сөйлеу мүшелерінің бір-бірінен алшақ 
жатуы арқылы жасалады. Дауысты дыбыстардың басты ерекшеліктері 
мыналар:
-
дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының толық тербелімі 
арқылы жасалады (тербелмелі);
-
дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге 
ұшырамай шығады;
-
дауысты дыбыстар буын құрайды.


35
Дауыссыз дыбыстар
сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысуы не-
месе тоғысуы арқылы жасалады. Дауыссыз дыбыстардың басты ерек-
шеліктері мыналар:
-
дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының толымсыз 
тербелімі (дауыс шымылдығының тербеліссіз, жартылай тербелімі 
және мол тербелімі) арқылы жасалады (тербеліссіз немесе қатаң, 
тербеліңкі немесе ұяң, тербелімді немесе үнді);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет