Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


естілім зерттелім (слуховая фонетика) дәуірі



Pdf көрінісі
бет5/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225
естілім зерттелім (слуховая фонетика) дәуірі 
деп атаймыз. 
Өйткені естілім дәуірінің жазба мұрағаттары қалай естілсе, солай 
жазылған күйінде бізге жетіп отыр. Сол кездегі қазақтардың сөйлеу 
әрекетін көз алдымызға елестетіп, сол кездегі сөздің дыбыс құрамын 
құлағымызбен тыңдап отырғандаймыз. Оның басты құндылығы да 
осында.
ХХ ғ. басындағы зерттелімдер
Қазақ фонетикасының келесі зерттелім дәуірі жиырмасыншы ға-
сырдың басы болып табылады. Бұл кезде қазақ фонетикасын зерттеуге 
ұлт өкілдері [Байтұрсынұлы, Досмұхамедов, Жұбанов т.б.] кірісті. Ұлт 
зерттеушілері үшін қазақ фонетикасы ана тілінің етене дыбыс жүйесі 
болып табылды. Сондықтан да олар ана тілінің дыбыс заңдылықтарын 
көкірек көзімен (интуиция) пайымдай білді (олай дейтін себебіміз, 
мысалы, А.Байтұрсынұлының арнайы теориялық дайындықтан өткені 
жайлы әзірге біздің қолымызда мәлімет жоқ). Соның нәтижесінде өзге 
ұлт зерттеушілерінің көзіне іліне қоймаған жаңа нәтижелер алынды. 
Екінші дәуірге тән жетістіктер деп, қазақ сөзінің жуан/жіңішке үн-
десім әуезінің нақты анықталғандығын, қазақ тілінің төл дыбыс құра-
мының тиянақталғандығын, морфем және буын түрлерінің сипаттама-
сын, үндесім жазудың қалыптасқандығын айтуға болады.
Ал қазақ тіліне тән төл фонетикалық құбылыстардың бірі ерін 
үндестігінің ескерусіз қалып, емле ережесіне енбей қалғанына тек 
өкінішпен қарауға тура келеді.
Екінші дәуір зерттеушілерінің зерттеу әдісі ана тілінің дыбыс 
жүйесін көкірек көзімен түйсіну болғандықтан, қазақ фонетикасының 
екінші зерттелім дәуірін 
төл зерттелім (интуитивная фонетика) 


10
дәуірі
деп атаймыз. Өйткені өзге ұлт зерттеушілерінің түйсініміне іліне 
бермейтін, қазақ тілінің өзіне ғана тән фонетикалық құбылыстардың 
басы ашылып, казақ жазуының өзіндік үлгісі қалыптастырылды. Шын 
мағынасындағы қазақы фонетика ғылымы бастау алды. Оның басты 
құндылығы осында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет