Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет9/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   225
мый, жый, қыйын 
тәрізді сөздерін 
ми, жи, қиын 
деп жазып, жіңішке айтқызуға икемделіп қойылды.
Ерін үндестігінің ескерілмеуі салдарынан қазақтың ерін әуезді 
жүрөк, күнгөй
тәрізді сөздері 
жүрек, күнгей
болып өзгеріп барады. 
Сөздердің бұлай айтылымы ерін үндестігін сақтап дағдыланған қа-
зақтардың құлағына жағымсыз естіледі. Жазу ізімен сөздің еріндік әу-
езін бұзып айтудың кесірінен екінші буындағы
е
дауысты дыбысы 
еркін әрі жартылай (екінші сатылы) қысаң айтылудың орнына, күшпен 
және өте қысаң (бірінші сатылы) айтылатын деңгейге жетті.
Дегенмен жазудың ықпалымен жаңа дыбыс пайда болмағанымен, 
сөз құрамындағы дыбыстардың орын тәртібінің табиғи желісі бұзылып 
барады.


14
 
1.1
-
сы
зб
а.
Қазақ 
фонети
кас
ы
ны
ң
құ
ры
лы
мы
Қ
АЗ
АҚ
 
Ф
ОН
ЕТ
ИК
А
СЫ
 
ТӨ
Л
 
ФО
Н
ЕТИ
К
А
 
Ү
нде
сім
 
синг
ар
мо
логи
я
 
үнд
есі
м син
-
гарм
ол
ог
ия
лану
 
үнд
есі
м
 
 
синг
ем
а
 
үнд
есі
м 
ал
ло
син
ге
ма
 
үнд
есі
м
 
фонет
ика
 
үнд
есі
м
 
арт
икул
яция
 
үнд
есі
м
 
дыб
ыс
 
үнд
есі
м
 
 
вариант
 
кі
таби
 
фонол
огия
 
кі
таби
 
фонол
оги
ял
ану
 
кі
таби
 
фонем
а
 
кі
таби
 
ал
лоф
он
 
К
ІТ
АБИ
 
ФО
Н
ЕТИ
К
А
 
кі
таби
 
фонетика
 
кі
таби
 
арт
икул
яция
 
кі
таби
 
дыб
ыс
 
кі
таби
 
вариант
 
ЕУ
РО
П
АӨ
ЗІМ
ШІ
Л
 
ФО
Н
ЕТИ
К
А
 
еуропаөз
ім
ш
іл
 
фоно
логия
 
еуропаөз
ім
ш
іл
 
фонол
огия
лан
у
 
еуропаөз
ім
ш
іл
 
фонем
а
 
еуропаөз
ім
ш
іл
 
ал
лоф
он
 
еуропаөз
ім
ш
іл
 
фонетика
 
еуропаөз
ім
ш
іл
 
арт
икул
яция
 
еуропаөз
ім
ш
іл
 
дыб
ыс
 
еуропаөз
ім
ш
іл
 
вариант
 
1.1-сызба. Қазақ фонетик
асының құрылымы


15
Тілдің дыбыс құрамы мен жүйесі сыртқы ықпалға көне бермей-
тін ең тұрақты саласы болып табылады. Тілге бір дыбыс енетін болса 
немесе бір дыбыс жоғалатын болса, ондай құбылыс – араға жүздеген 
жылдар салып барып қана болатын нәрсе.
Ендеше, бір күнде жарлықпен ендірілген 14 дыбыс пен әріпті тіл-
дің дамуы деп қарауға еш болмайды. Ондаған жылдар бойы әкімшіл/
әміршіл (тоталитарлық) саясаттың күшімен көпшілік тіліне еніп кеткен 
сөздердің орыстақы айтылымын тілдің дамуы деп санайтын мамандар 
да жоқ емес. Тіптен орыс тілінің кейбір әріптерінің қазақтың төл сөз-
дерінің жазылымына еніп, оның әуез айтылымын, буын құрамын, мор-
фем жігін, тасымал ретін бұзғанына қарамай, «фонема» мәртебесін де 
беріп жатқан «еуропаөзімшіл» (европоцентризм) тоталитарлық фоне-
тика пайда болды.
Қазақ тіліне енген дыбыстың қазақ тілінің жүйесіне енген-енбе-
генін дәлелдеудің лингвистикалық жолы бар. Егер кірме дыбыстың 
өзге қазақ дыбыстарындай төрт үндесім әуезі пайда болған болса, онда 
оны қазақ тіліне толық енді деуге болады. Ал егер сол кірме күйінде 
бір әуезбен қалған болса, онда оны қазақ тілінің төл дыбыстарының 
қатарына жатқызуға болмайды.
Қазақтар кірме әріптердің төркін айтылымын сақтамай, олардың 
дыбыс мәнін ана тілінің үндесім айтылымына лайықтап икемдеп алды.
Алайда тоталитарлық фонетика негізінде тоталитарлық фоноло-
гиялану әлі сақталып отыр, сондықтан да тоталитарлық фонема мен 
тоталитарлық дыбыстардан арылу әзірге қиын болып жатыр.
Зерттелім бағыттары
Басты мақсат қазақ тілінің төл дыбыс құрамын анықтап, оның ішкі 
құрылыс жүйесін сипаттап шығу, дыбыс өзгерістерін талдап, әуен түр-
лерін түгендеу болды. Сонымен қатар фонетикалық және сингармо-
логиялық талдау-сипаттамалар жіктеліп, әрқайсысы өз алдына дербес 
сала ретінде берілді. Жасыратыны жоқ, дәстүрлі фонетикамызда син-
гармологиялық және фонетикалық (жасалым, айтылым, естілім) бәрі 
араласып кеткен еді.
Қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесі әр тұрғыдан талданып 
шықты. 
Фонетикалық талдау
(1.1-сурет)
Дыбыстың жасалымы (артикуляциясы), яғни дыбыс жасалу тұрғы-
сынан талданып-сипатталды;


16
Дыбыстың жасалымы (артикуляциясы): дыбысты жасауға қатыса-
тын сөйлеу мүшелерінің аты аталып (ерін, тіс, қызыл иек, тіл ұшы, тіл 
алды, тіл ортасы, тіл арты, тіл түбі, тілшік), жасалу орны көрсетіліп, сол 
сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу жолдары (ашық, қысаң, тоғысыңқы, 
жуысыңқы, діріл, жанама) сипатталып, дауыс желбезегінің (дауыс 
жарғағы, дауыс шымылдығы деп те аталады) қатысу деңгейі көрсетіледі.
Дыбыстың айтылымы (акустикасы), яғни дыбыс айтылу тұрғы-
сынан талданып-сипатталды.
Дыбыстың айтылымы (акустикасы): ауыз қуысындағы резона-
торлар жүйесінің қалпы аталып (ауыз қуысты, көмей қуысты, жанама 
қуысты), сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу күші (лепті тоғысыңқы/лепті 
жуысыңқы, босаң тоғысыңқы/босаң жуысыңқы, бос тоғысыңқы/бос 
жуысыңқы) сипатталады.
Дыбыстың естілімі (перцепциясы), яғни дыбыс естілу тұрғысынан 
талданып-сипатталды.
Дыбыстың естілімі (перцепциясы): ауыз қуысынан ауаға шыққан 
дыбыстың құлаққа жеткен нәтижесі (жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, 
еріндік дыбыс, езулік дыбыс, қатаң, ұяң, үнді дыбыс) сипатталады.
Сонда әрбір дыбыс төмендегідей тізбек бойынша талданып 
шығады: дыбыс ауыз қуысында жасалады, сонан соң ауа кеңістігіне 
шығады, сөйтіп құлаққа келіп жетеді. Оның ретін төмендегідей жолмен 
көрсетуге болады.
Дыбыстың жасалым, айтылым, естілім сәттерінің әрқайсысы-
ның өзіне тән ұғымдары мен атаулары бар. Оларды бір-бірімен ара-
ластырмай, жеке-жеке талдап шығу қазақ фонетикасында алғаш рет 
ұсынылып отыр.
Сонымен, кез келген дыбыс үш тұрғыдан қаралады. Әрқайсысы-
ның өзіне ғана тән ұғымдары мен атаулары бар. Бұл – фонетикалық тал-
даудың жолы.
1.1-
сурет. Дыбыстың жасалым, айтылым және естілім желісі
1.1-сурет. Дыбыстың жасалым, айтылым және естілім желісі


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет