Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет61/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   225
Ұяң дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей: 
Б, Д, Ғ(-Г), З, Ж
. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың 
қатарына жатады. 
Ұяң дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі – 
дауыстың 
жартылай қатысуы
. Басқаша айтқанда, ұяң дауыссыз дыбыстардың 
жасалуына дауыс желбезегі жартылай (тербеліңкі) қатысады. Ұяң 
дауыссыздардың басын қосып, ұйыстырып отыратын бірегей белгі 
дауыс желбезегінің тербеліңкі қалпы болып табылады. Сондықтан 
да олар жасалым (артикуляциялық) тұрғыдан 
тербеліңкі
дауыссыз 
дыбыстар деп аталады (көпшілік оқырманға естілім атаулардың қата-
рына жататын дәстүрлі 
ұяң
атауы таныс болғандықтан, кейде екі атау 
қатар жүретін болады).
Б
дыбысы (4.38-сурет)
Б
дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына 
қарай 
ерін-ерінді
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Б 
дауыссыз 
дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің тоғысуы арқылы жасалады. 
Жасалу тәсіліне қарай 
тоғысыңқы 
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Б
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, 
яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай 
ұяң
(тербеліңкі) 
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: 
ерін-ерінді, тоғысыңқы, ұяң 
дауыссыз дыбыс.
Д
дыбысы
Д
дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы 
арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай 
тіл ұшы
дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Д
дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл 
иек шегарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне 
қарай 
тоғысыңқы
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Д
дауыссыз 
дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни 


91
жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай 
ұяң
(тербеліңкі) дауыссыз
дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: 
тіл ұшы, тоғысыңқы, ұяң
дауыссыз дыбыс.
5.38-
сурет. Б
ы
және Д
ы
дауыссыз дыбыстарының жасалым моделі
4.38-сурет. Б
ы
және Д
ы
дауыссыз дыбыстарының жасалым моделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет