БІРІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПАРЛАМЕНТІ:
1996-1999 жылдар
Бірінші сайланған Парламент және Мәжіліс сенатының сайлауы 1995
жылғы желтоқсанда ӛтті.
Сенатқа 40 депутат – 19 облыстан және Қазақстан Республикасының
астанасынан екі-екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындады.
Депутаттардың кӛпшілігі сайланғанға дейін басшылық қызметте істеген,
олардың ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық
қызмет тәжірибесі, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардағы, кәсіпкерлік,
74
ӛндірістік және әлеуметтік салалардағы жұмыс тәжірибесі болды. Сенат
депутаттарының арасында 4 әйел, 60 жастан асқан 4 адам болды. Барлық
депутаттар жоғары білімі бар дипломды мамандар болды. Олардың ішінде
заңгер –10, экономист – 10, инженер – 9, ауылшаруашылығы маманы – 8.
Депутаттық корпустың құрамында 4 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты
жұмыс істеді. Кӛптеген депутаттар бұрын заң шығарушы органдарға сайланған
еді, олардың арасында Қазақ КСР, КСРО халық депутаттары, кәсіби заң шығару
қызметінде тәжірибесі бар, он екінші және он үшінші сайланған Қазақстан
Республикасы Жоғарғы кеңесінің депутаттары болды.
1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының
бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша
Ӛмірбек БАЙГЕЛДІ Сенаттың тӛрағасы болып сайланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына, «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 69-бабына сәйкес
және екі жылға сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттары ӛкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына орай 1997
жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына
депутаттарды 4 жылға сайлау ӛтті. Бес облыстың таратылуына байланысты
сайлау Республиканың 14 облысы мен Алматы қаласы бойынша ӛтті.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына 15 депутат
сайланды. Олардың ішінде 11-і бұрын Сенат депутаты болса, 4-еуі алғаш рет
сайланды.
Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы болып
жариялануына байланысты 1998 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенатына Ақмола қаласы бойынша депутаттарды сайлау ӛтті.
Сенат құрамына екі депутат сайланды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 1995 жылы 9
желтоқсанда ӛтті. 67 депутат сайланды. Мәжіліс сайлауының нәтижелері
бойынша депутат болғандар: ерлер – 58, әйелдер – 9. Палатаның барлық
депутаттары жоғары білімді, оның ішінде 7-еуі ғылым докторы, 10-ы ғылым
кандидаты.
Сайланған депутаттардың арасында жергілікті атқару органдарының және
мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері кӛбірек болды, олар 19 адам.
Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың
және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат
ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы
депутат Президент әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық
комитеттердің қызметкерлері болды. 4 депутат уақытша жұмыс істемеген.
Аграрлық салада – 11 депутат, мәдениет саласында 3 депутат жұмыс істеген.
Құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып
әрқайсысында екі-екі депутат қызмет істеген
.
Бір депутат – заңгер, біреуі әскери
қызметші және біреуі зейнеткер болған.
75
1996 жылғы
30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс тӛрағасы болып Марат
Тұрдыбекұлы ОСПАНОВ сайланды.
Достарыңызбен бөлісу: |