Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет2/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Алғы сӛз 
 
 
Билік – саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым, 
саяси қозғалыс ретінде қарастыруға болады. Билік түсінігінің анықтамасы, 
оның мәні мен сипаты – мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды 
шарты. Билік бүкіл қоғамдық қатынастардың ішінен саясатты бӛліп 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет болып, ӛз саясатын жүргізіп, ел 
билеудің, билікті іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты 
ойластырып жатқан кезде жастарды билік туралы ұғым-түсініктердің қыр-
сырымен қаруландырудың маңызы зор. Осыған орай, осы оқу құралында бұл 
мәселенің теориялық тұстарын жұртшылық назарына ұсынбақпыз. 
Билік туралы түсінік күнделікті ӛмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен 
қолданылады. Мәселен, фәлсафашылар қоғамдық биліктің заңдылығын, 
әлеуметтанушылар билік әлеуметтануын қарастырса, экономистер ақша билігі, 
саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғаттың билігі, 
психологтар адамның ӛзіне деген билігінен бастап, билік психологиясына 
дейінгі аралықты, ата-аналар отбасы билігі, діндарлар құдай билігі туралы 
айтуға бейім тұрады. Жалпы, билік дегеніміз не? Осы сұрақтың жан-жақты 
жауабын ұсынылып отырған оқу құралынан табуға болады, яғни билік 
ұғымының табиғаты, мәні мен мазмұны, құрылымы мен қызметі, ресурстары 
мен принциптері қарастырылып, дәрістер түрінде беріледі. Дәріс барысында 
ӛтетін тақырыптар мен апталарға бӛлініп, қамтылатын мәселелер терең 
тұжырымдалады. Мұның ӛзі, түптеп келгенде, осы оқу құралына сүйене 
отырып, дәрістер әзірлеу мен ӛткізуді жеңілдетеді. Ал студенттерге пәнді оқу 
барысында кездесетін терминдерді, түсініктер мен тұжырымдамаларды терең 
түсініп шығуына мүмкіндік туады, келешекте тәжірибеде қолдана алатын 
теориялық ілім мен біліктілік қалыптастырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет