Саяси ғылымдарының докторы, профессор


ҤШІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет42/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
treatise15701

ҤШІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ПАРЛАМЕНТІ:
2004-2007 жылдар 
 
1999 жылғы қыркүйекте алты жыл мерзімге сайланған 16 сенатордың 
сайлауы 2005 жылғы тамызда ӛтті. 
Жаңадан сайланған сенаторларды қосқанда 2005 жылғы желтоқсанда 
Парламент сенатында 39 депутат ӛз қызметін атқарды. Парламентшілердің 
орташа жас мӛлшері – 57 жас, 37 ер адам, 2 әйел. Депутаттардың барлығы 
жоғары білімді, олардың 19-ы екі жоғары оқу орнын бітірген. Депутаттардың 
қатарында техникалық білімі бар – 13 адам, гуманитарлық білімі бар – 16 адам, 
заңгерлер – 10 адам болды.
Депутаттардың кӛпшілігі сайланғанға дейін мемлекеттік секторда жұмыс 
істеген, оның ішінде 28 парламентші басшы лауазымдарда қызмет істеген. 
Кӛпшілігінің заң шығару қызметіндегі, сондай-ақ ӛндірістік, әлеуметтік және 
кәсіпкерлік салалардағы, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық қызметтегі, 
қоғамдық ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі бар.
2005 жылғы 1 желтоқсанда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы 
Парламенті сенатының тӛрағасы болып Нұртай ӘБІҚАЕВ сайланды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының 2007 
жылғы 11 қаңтардағы отырысында жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан 
Республикасы Президентінің ұсынуымен Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Сенат 
тӛрағасы болып сайланды. 
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін 
сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болды. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, 
олардың ішінде 4-еуі – екі сайлау блогының құрамында.
Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 
депутат сайланды.
67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып 
құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау 
округтері бойынша сайланды.
10 депутат тең ӛкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау 
округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың 


77 
ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден 
«Асар» республикалық партиясынан, «Ақ жол» демократиялық партиясынан 
және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау 
блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.
Сайланған парламентшілердің жалпы санынан 59 депутатты саяси 
партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» 
сайлау блогынан – 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол» 
демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан – 1. 
Ӛзін-ӛзі ұсынғандар – 18 депутат.
Палатаның депутаттық құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші 
сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мӛлшері – 53 жас, ең 
жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста.
Барлық депутаттар жоғары білімді. 37 парламентші екі жоғары оқу орнын 
бітірген.
28 депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым 
кандидаты мен 15 ғылым докторы бар.
Парламентшілер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны 
едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16.
Бұдан 
басқа 
үшінші 
сайланған 
Мәжілісте 
ауылшаруашылығы, 
халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, 
менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, 
мәдениет қайраткерлері және т.б. бар.
Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны 
ӛсті. Мәжілістің 29 депутаты осының алдындағы сайланымда жұмыс істеген, 
үшеуі бірінші және екінші сайланымда, екеуі
Сенатта, 12 депутат бұрын 
әртүрлі сайланған Жоғарғы кеңестің депутаттары болған.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 
тӛрағасы болып Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ сайланды 
«Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін 
тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының 
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Президенті 
Жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда үшінші 
сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Мәжілісі
ӛз қызметін 
аяқтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет