Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет45/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

лингвоцентристік 
және 
антропоцентристік 
түрлерін көрсетеді. Лингвоцентристік тәсіл ̶ мәтінді талдаудың дәстүрлі тәсілі 
саналады. Лингвоцентристік тәсілдің нысаны - тіл және мәтін. 
Лингвоцентристік тәсіл көркем мәтіннің фонетикалық, лексикалық, 
грамматикалық, стилистикалық бірліктерін қарастыруға негізделеді.
Антропоцентристік тәсіл –мәтіннің интерпретациясына байланысты автор 
позициясы мен оқырман позициясы қамтылады. Бұл тәсіл арқылы мәтінтану 
төмендегідей бағыттарға бөлінеді: 
- прагматикалық (А.Баранин); 
- жанрлы-стильдік (М.Бахтин, М.Кожин); 
- танымдық тәсіл (В.Дейк, Т.Виноградов); 
- деривациялық (Е.Кубрякова, Л.Мурзин); 
- коммуникативтік (Г.Золотова, Н.Болотнова); 
- психолингвистикалық (Л.Выготский, А.Леонтьев). 
Танымдық тәсіл –соңғы он жылдыкта ғылыми парадигманың ізімен алдыңғы 
орынға шықты. Мұнда тіл әлемнің тілдік бейнесі ретінде қаралады. Нысаны: 
автор –мәтін –мәтіннен тыс болмыс (10, 114). Психолингвистикалық аспект 
тұрғысынан алғанда, мәтін – адамның сөйлеу әрекетінің нәтижесі. 
Психолингвистердің мәтін лингвистикасына қатысты назар аударатын 
мәселесі – мәтінді қабылдаумен түсіну әрекеті. Мәтін психологиялық жағынан 
өзіндік табиғатына сай адамның ойына бағытталады және осы қасиеті негізінде 
оқырман өз таным-түйсігіне қарай қабылдайды. Г.Смағұлова: «Егер мәтін 
адамның сөйлеу әрекетінің жемісі болса, онда мәтін лингвистикалық 
мағынамен қатар ұғымдық категориялармен бірге (грамматика, логика), 
онтологиялық (философиялық) категориялар менде байланысты болады», – 
дейді (11,45). Прагматикалық аспектіден мәтін авторының обьективті 
болмыспен мазмұнға қатынасы сипатталса, онтологиялық тұрғыда ̶ мәтіннің 
болмысы, алатын орны қарастырылады. Г.Әбікенова мәтін типтерін 
төмендегідей жіктеп көрсетеді:
Стиль түрлеріне қарай:
ғылыми, көсемсөз, іскери, көркем мәтін
Ақпаратты 
тасымалдау 
түрі бойынша:
ауызша, жазбаша, электронды т.б.
Көлеміне қарай:
макромәтін, микромәтін, күрделі синтаксистік 
тұтастықт.б.
Қарым-
гуманитарлық, 
тарихи, 
танымдық, 


72 
қатынастақырыбыменсөйлеу
тәсілінеқарай:
аргументтік т.б.
Берілу тәсіліне қарай:
диалог, монолог, полилог
Кесте 1. Мәтінтипологиясы. 
Тіл білімі дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты 
ғылыми зерттеулер жүргізіліп келеді. Дискурс мәселесіне байланысты зерттеу 
жүргізген шетелдік ғалымдар қатарынанТ.Гивон, А.Кибрик, А.Ван Дейк, 
Н.Хомский, Л.Выготский, Т.Ахутина;қазақ тіл білімі бойынша Н.Уәли, 
Г.Смағұлова, Д.Әлкебаева, Г.Бүркітбаева, Ж.Кеншінбаева сынды ғалымдардың 
зерттеулерін атап өтуге болады.
Дискурс теориясының қалыптасуында Франц Бае және В.Матезиустың 
ғылыми зерттеулері маңызды рөл атқарады. Дискурсқа қатысты негізгі 
ғылыми зерттеулер француз және ағылшын-американдық лингвистикалық 
мектептері жүргізген болатын. Ал ХХ ғасырдың орта шенінде дискурс 
теориясы кеңестік тіл білімінде мәтін лингвистикасы аясында қарастырыла 
бастады.
Дискурс– айтушының аялық білім жүйесі менинтенциясын қамтитын 
коммуникативті құбылысретінде танылады.Жалпы алғанда, дискурс ұғымы 
мәтін ұғымынан кең келеді, себебі дискурс сөйлеу әрекетінің өзі және оның 
нәтижесі «мәтін» саналатын коммуникативті-когнитивті құбылыс. 
Егер мәтіннің өзара тұтастығымен бүтіндігі сияқты белгілер мәтінтүзімнің 
формалды және семантикалық заңдылықтарымен байланысты болса, онда 
дискурста бұл ерекшеліктер ойлау мен сөйлеу әрекетінің когнитивті және 
прагматикалық мәнімен сәйкес келеді. Т.М.Николаев өзінің «Словарь 
терминов лингвистики текста» атты өздігінде дискурсқа «мәтін тұтастығы мен 
бүтіндігі, мәтіннің ауызша формасы, диалог» сияқты белгілердің тән екендігін 
атап өтеді. Сондай-ақ, дискурста коммуникативтік ситуация, интеракцияға 
қатысушылар мен тілдік материалдар тоғысып жатады. Мұнда айтушының 
вербалды мінез-құлқы, яғни дауыс ырғағы, интонация, пауза, ым-ишарат 
сияқты деңгейлерді қамтиды. 
Ю.С.Степанов барлық мәтіндер жиынтығын қарастыра келіп, әрбір 
мәтіндер жүйесіне тән ерекше өзіндік лексикасы мен грамматикалық жүйесі, 
өзіне тән сөздік қоры, сөзді қолданудың өзіндік ережелері мен синтакисі, 
өзіндік аялық білім жүйесі тән екендігін атап өтеді (13,44). Осыған сәйкес
қазіргі тіл білімінде дискурстың мынадай түрлері қалыптасқан: әскери 
дискурс; газеттік дискурс; іскери дискурс; балалық дискурс; өнертану 
дискурсы; магиялық дискурс; масс-медиа дискурсы; ғылыми (академиялық) 
дискурс, парфюмерлік дискурс; педагогикалық дискурс; поэтикалық дискурс; 


73 
публицистикалық дискурс; жарнамалық дискурс; спорттық дискурс;
техникалық дискурс; террористік дискурс; феминистік дискурс; көркем 
дискурс; экономикалық дискурс; электрондық дискурс; этикалық дискурс.
 
Мәтінтүзімнің негізгі құралы ретінде тілдік жүйе, тілдік таңбалар жүйесі 
маңызды роль атқаратыны белгілі, дискурс та тілдік жүйемен өзара тығыз 
байланыста келеді. Өзара байланысты төмендегі схемадан көруге болады:
Демек, дискурс – мәтінтүзімнің негізгі шарты, яғни процесс болса, мәтін – 
дискурстың нәтижесі, ал тіл – мәтіннің түзілуіне негіз болатын дискурстық 
әрекеттің маңызды құралы саналады. Коммуникативтік тұрғыдан алғанда 
дискурс коммуниканттардың дүнитанымдық жүйесімен, ал прагматикалық 
тұрғыдан коммуниканттардың сөйлеу әрекеті үстіндегі тілдік таңбаларды 
қолдануымен байланысты.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, дискурс құрамына мәтін 
мен түрлі экстралингвистикалық факторлар (сөйлеуші мен тыңдаушының 
қоршаған орта туралы білімі, өзіндік пікірі мен құндылықтар жүйесі), 
ақпаратты қабылдау мен оны түсіну сияқты маңызды элемменттер енетін 
коммуникативті-когнитивті құбылыс ретінде танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет