34
Фуконың дискурс ілімінен, Михаил Бахтиннің жанрға байланысты
тұжырымдарынан дамып жетілген, XX ғасырдың
соңына қарай Норман
Фэркло, Рут Водак, Теун ван Дейк секілді бір топ зерттеуші өрістеткен,
жаңа бір бағыт ретінде қалыптасқан анализ түрі (Тичер жб., 2009:195-196).
Өз аясында түрлі бағытта зерттеу жүргізгенмен, сыни дискурс анализ
парадигмасын «зерттеу тақырыбының әлеуметтік мәселеге бағытталуы,
интердисциплинар және эклектикалық, сондай-ақ сыни тұрғыда болуы
біріктіреді. Макс Хоркхаймер сыни теориядағы «сыни» ұғымын зерттеудің
қоғамды сынға ала отырып, оны түзетуге бағытталуы ретінде түсіндірген
. Осылайша ол сыни теорияны қоғамды түсіну немесе түсіндіруді
мақсат
еткен дәстүрлі теорияға қарсы тұжырым ретінде ұсынады (Wodak & Meyer
2009:3-4). Сыни теориядан бастау алатын сыни дискурс анализ әдісі
де медиадағы нәсілшілдік, дискриминация, билікті асыра пайдала-ну
секілді мәселелерді қарастырады. Юрген Хабермастың тұжырымы-мен
айтар болсақ, зерттеуші қызығушылығын қолдай отырып, идеологиямен
«ластанған» дискурстарды әшкерелеп, оның
орнына рационал дискурстар
ұсынады. Осының нәтижесінде масс-медиа арқылы жүзеге асатын
коммуникация Хабаремастың түсінігіндегі утопиялық билік қатынасы
болып саналатын «идеалды ауызекі жағдаятқа»
(ideal speech situation)
бір
табан жақындайды (Тичер жб., 2009:196).
Сыни дискурс
анализ парадигмасы бойынша тілдік қолданыс
идеологиялық болуы мүмкін, ал оны анықтау үшін мәтінге талдау жасап,
интерпретациялық зерттеу жүргізу керек. Қарапайым дискурс анализ
интерпретатив және түсіндірмелі әдіс болса, сыни дискурс анализ
интерпретациямен қатар, мәтін
мен әлеуметтік жағдаят, идеология
мен билік қатынасын қоса қарастырады. Сыни дискурс анализде билік
қатынастары дискурспен тікелей байланысты қолданылады. Яғни
сыни дискурс анализ дискурстағы билік пен дискурс «үстіндегі» билікті
зерттейді. Норман Фэркло дискурсты «тілдің әлеуметтік тәжірибе ретінде
қолданылуы» деп сипаттаған (Тичер жб., 2009:198).
Мақаламыздың келесі бөлігінде жоғарыдағы тұжырымдамаларға
сүйеніп, медиадағы Қазақстан Республикасының бейнесін анықтап
көрмекпіз. Бұл үшін мәтіннің морфологиялық ерекшелігі мен құрылымына
(бет нөмірі, жаңалықтағы реті, көлемі, тақырыбы, т.б.), акторларға, тілдік
риторика мен дискурсив стратегияларға (нақты бір мақсатқа жету
үшін әлеуметтік акторлар жүзеге асырған манипулятив әдістер), мәтін
жарияланған сәттегі саяси-әлеуметтік жағдаяттарға (мәтіннің қашан,
қайда, кімге жарияланғаны) назар аударғымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: