Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Қазақстан Республикасының медиадағы қуатты әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет16/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қазақстан Республикасының медиадағы қуатты әлеуметтік 
мемлекет ретіндегі бейнесі
Өткен ғасырдың 80-жылдары британ медиасының әл-ауқат, кедейшілік 
бейнесін қалай және қанша жиілікте көрсеткенін зерттеген Питер Голдинг 
және Сью Миддлтон медианың біржақты хабар таратып, жаңсақ көзқарас 
қалыптастырып отырғанын алға тартады. Мысалы, медиа кедейліктің 
себебі болып отырған неолиберал саясатты сынаудың орнына «жалқау» 
кедейлерді айыптаған. Ал әлеуметтік сақтандыру туралы хабарлардың 
басым бөлігі алаяқтықпен жәрдемақы алған, әлеуметтік сақтандыруды 
заңсыз пайдаланған адамдар мен оларға қозғалған қылмыстық істерге 
арналған. Зерттеушілер мұндай хабарлар әлеуметтік жағдайы төмен 


35
жандар жөнінде жағымсыз пікірдің қалыптасуына себеп болады деп 
тұжырымдайды (Golding & Middleton, 1982:72-82). 
Ал Веймин Чжан Қытай мемлекеттік медиасы 2008 жылы болған 
ондағы жер сілкінісінен кейін апат салдарын ұлтшыл-патриоттық дискурс 
тудырып жойғанын айтады. Яғни мемлекет апат салдарымен күресе 
отырып, ұлтшыл-патриоттық дискурстар арқылы өзі туралы жағымды 
образ қалыптастыруға тырысқан (Zhang, 2015).
Мемлекет қаржыландыратын Қазақстан медиасы да COVID-19 
кезінде шындықты бұрмалай, қуатты әлеуметтік мемлекет бейнесін 
қалыптастыруға тырысты деп топшылаймыз. Демократиялық емес 
басқару жүйесінде билік иелері жақтастарының санын арттырып
көпшіліктің келісімін алып, өктемдігін заңдастыру үшін әділ сайлау емес, 
патриотизм, ұлтшылдық секілді эмоциялық дискурстарды пайдалануы 
мүмкін (Kudaibergenova, 2019). Біз Қазақстан үкіметінің COVID-19 
пандемиясы кезінде жүзеге асырған іс-әрекеттерінің медиадағы көрінісін 
өз билігін заңдастырып, азаматтардың ризалығына бөлену үшін жасалған 
амал ретінде қарастырмақпыз. Мемлекет атынан әрекет етіп отырған 
саяси атқарушы билік азаматтарға жәрдемдесіп, олардың игілігін 
ойлайтын мықты әлеуметтік мемлекет образын қалыптастырып, өз 
өктемдігін легитимацияламақ болды. Біз мемлекеттің жағымды образын 
қалыптастырудың қалай жүзеге асқанын анықтау үшін мемлекеттік 
медианың 1) Қазақстанда вирус жұқтырған алғашқы науқас тіркеліп
төтенше жағдай жарияланған аптада; 2) Төтенше жағдай аяқталып, 
карантин шаралары жеңілдетіле бастаған аптада; 3) Жағдай ушығып
қайта қатаң карантин шарасы қолға алынған аптада жариялаған 
материалдарын қарастыратын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет