Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет155/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қазақтың тойы туралы мемдер
Той (үйлену тойы) – қазақ қоғамындағы этномәдени және әлеуметтік 
құбылыстардың бір көрінісі. Философтар тойдың көп болуын қазақтардың 
өмірге ерекше құштарлығымен байланыстырады. Алайда соңғы жылдары 
бұл ұлттық дәстүрдің келбеті адам танымастай өзгерді. Қазіргі тойлар 
бұрынғы мазмұны мен сәнінен айырылып, дүние жарысқа айналғандай.
Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Қазақстан президенті 
жиын-той өткізуге тыйым салып, талапты елемей, заң бұзғандардың 
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сай) жауапқа 
тартылатынын мәлімдеген. Карантин талаптарын бұзған, тойға қатысқан 
адамдарға да әкімшілік жаза қарастырылған – 26 мың теңге айыппұл 
немесе 15 тәулікке қамау (inform.kz, 2020). Дегенмен карантин кезінде той 


350
өткізген қазақтар аз болмады. Желіде осы тақырыпқа арналған интернет-
мемдер де көп болды.
Төртінші фотода (9-сурет) полицияға телефон шалып, әлдебіреудің той 
өткізіп жатқанын хабарлап тұрған ер адам бейнеленген.
9-сурет. @alpystogyz
10-сурет. @ashyq_aspannn
11-сурет. @kiyelitezek


351
Бесінші мемде (10-сурет) қазақтың тойы бітпесін деген жазу мен 
кішкентай қыздың суреті көрсетілген. Коронавирус кейпінде бейнеленген 
қыз жымиып: «Бұл істерің үшін сазайларыңды тартасыңдар», – деп тұр.
Алтыншы мем (11-сурет) француз суретшісі Жосс Лиферинкстің 
картинасы негізінде жасалып, оған мынадай репликалар жазылған: 
«Екі жас бақытты болсын», «Қазақтың тойы бітпесін», «Тойшыл қауым, 
тарамаңдар!», «Бірден қалыңдықтың жаназасына қатысып кетіңдер».
Бетперде туралы мемдер
12-сурет. @funlovekz 
13-сурет. @funlovekz 14-сурет. @funlovekz
Он екінші суретте көзілдірік пен бетперде таққан қыз бейнеленген. 
Мұндайда карантин кезінде көзілдірігі буланып қала беретін адамдар 
еске түседі. Бетперде тағып, бір-екі рет дем алған бойда ештеңе көрінбей 
қалады. 
Келесі суреттің (13-сурет) негізгі фигурасы – құлақ. Адамның құлағына 
тағып, іліп, қыстырып жүретін заттары аз емес: сырға, көзілдірік, 
құлаққап, бетперде. Осыдан барып мынадай мем пайда болған – құлақ 
иесіне: «Сөмкеңді де маған іліп қойып жүретін шығарсың?» – деген екен. 
«Бетперде туралы мемдер» деген санаттағы соңғы суретте (14-сурет) 
қалың бетперде тағып, қысқа дайын тұрған адам бейнеленген. Ол 
өзгелерден: «Ал сен дайынсың ба?» – деп сұрап тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет