Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


БАҚ, қоғамның дүрбелеңге салынуы және COVID-19



Pdf көрінісі
бет24/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

БАҚ, қоғамның дүрбелеңге салынуы және COVID-19 
психопандемиясы
Коронавирус инфекциясы кең таралған қазіргі жағдайға баға берген 
кейбір зерттеушілер COVID-19 пандемиясын «психопандемия» деп атаған. 
Адамзат бұрын-соңды мұндай құбылыспен бетпе-бет келмеген. 2020 
жылдың көктемінде Ресей медицина қызметкерлерінің қауымдастығы 
Ресей Федерациясының Президентіне жолдаған ашықхатын жариялаған. 
Онда мамандар COVID-19 туғызған жағдайды ушықтырмауға, жалған 
ақпарат таратпауға және халықты дүрбелеңге түсірмеуге шақырған. 
Бұл құжатты әзірлеп, жариялауға ескірген әрі сенімсіз мәлімет таратып 
байбалам салғандардың көбейіп, «дүрбелең эпидемиясының» өрістеуі 
себепші болды. Ресей медицина қызметкерлерінің қауымдастығы 
мүшелерінің бірі атап өткендей, қазір бізге нағыз психоинфекция қаупі 


49
төніп тұр. Ақпараттық ортаны реттей алмаудың және коммуникациялық 
технологияларды шамадан тыс көп қолдану салдарынан расталмаған, 
жалған ақпарат тарап кетуі мүмкін, бұл адам психикасына ерекше әсер 
етуі ықтимал. Салдарынан иммунитет әлсіреп, адам ағзасы бұрыннан 
белгілі жұқпалы аурулардың өзімен күресе алмай қалады (sobesednik.ru, 
2020).
Канадалық бір топ зерттеушінің (Шеннон Коллинсон, Камран Хан, Джейн 
М. Хеффернан) қорытындысына сенсек, БАҚ-та жедел респираторлық 
синдром, H1N1 грипі, Таяу Шығыс респираторлық синдромы сияқты 
жұқпалы аурулар, грипп, Эбола және H7N9 эпидемиялары анықталғанда, 
шынайы, дұрыс мәлімет бергендіктен, саламатты жүріс-тұрысты 
насихаттау арқылы аталған патогендердің таралуы азайған. Бұқаралық 
ақпарат құралдарының эпидемия немесе пандемия туралы тарататын 
хабарлары – халық үшін маңызды дереккөз әрі олардың саламатты өмір 
салтын ұстануына (мысалы, қолды жиі жууға, әлеуметтік арақашықтық 
сақтауға) түрткі болады, бұл, өз кезегінде, аталған және басқа да 
инфекциялық дерттерге шалдығу ықтималдығын да азайтады. Канадалық 
ғалымдар жүргізген зерттеуде жұрттың бұқаралық ақпарат құралдарынан 
жалығуы, шаршауы оң нәтижеге жету ықтималдығын азайтуы мүмкін 
екені де атап өтілген. БАҚ-тың эпидемия/пандемия салдарына тигізетін 
ықпалын анықтау үшін, канадалық зерттеушілер арнаулы математикалық 
модельдерді қолдануды ұсынады. БАҚ хабарларының 2009 жылғы H1N1 
пандемиясына тигізген ықпалын зерттеу үшін стохастикалық агенттік 
модель көмегімен қоғамдық денсаулық сақтау көрсеткіштерінің ауытқып 
отыратыны туралы БАҚ хабарларына сандық бағалау жүргізген. Талдау 
нәтижелері көрсеткендей, хабар беру жиілігі мен БАҚ-тан шаршаған 
адамдардың санитарлық нормаларды елемеуі қоғамдық денсаулықтың 
маңызды көрсеткіштерінің ауытқуына елеулі әсер етеді. Бұл зерттеудің 
атап өтерлік негізгі нәтижесі – мынадай бір заңдылықтың бар екені 
анықталды: талдау моделіне Global Public Health Intelligence Network 
(GPHIN) бағдарламасы арқылы БАҚ қосылған кезде ауру жұқтырудың 
екі толқыны шыққан, мұндай құбылысты 2009 жылғы эпидемия кезінде 
байқауға болатын еді (Collinson et al., 2015).
2020 жылы Пейпи Сонг және Такаши Карако атты жапон ғалымдарының 
жүргізген зерттеуінен мәлім болғандай, ғылыми ақпараттарды жылдам 
жариялап отыру COVID-19 төңірегіндегі дүрбелеңді азайтудың тиімді 
жолы болды. Сенімді әрі жаңа ғылыми ақпаратты жедел жариялау – 
эпидемиологтар (жұқпалы аурулардың көбеюін тежейді), дәрігерлер 
(науқастарды емдейді) мен модель жасаушылар (оқиғаның қалай 
өрбитінін болжап, қолданылатын шаралардың тиімділігін арттыруға 
көмектесетін модельдер жасайды) сияқты мамандар үшін нақты уақыт 
режимінде сапалы ұсыныстар әзірлеудің бірден-бір алғышарты. 
Зерттеудің басты қорытындысы – COVID-19-дың эпидемиологиялық 
әрі клиникалық ерекшеліктері мен оны емдеудің инновациялық 
әдістерінен хабардар болу мақсатында ғалымдар, денсаулық сақтау 
саласының қызметкерлері мен өзге де мамандар сенімді, ашық деректерді 
дереу бір-біріне мәлім қылу керек дегенге саяды (Song & Karako, 2020).
Қазіргі кезде пандемияның даму траекториясын сапалы түрде 
болжап, оның жағымсыз салдарының алдын алуға септігін тигізе алатын 
факторларды бағалау аса қажет болып отыр. Пандемияның траекториясы, 
бәлкім, сол күйінде қалады, алайда оның алда қалай болатыны әлі де 


50
белгісіз деп мәлімдеген ДДСҰ әлемдік қауымдастықтың қырағы болу 
керегін атап өткен (The Lancet, 2020). 
Келесі кезеңде пандемия туралы маңызды ақпараттың қоғамға 
жеткізілу формасы шешуші рөл атқарады. 2020 жылғы 15 ақпанда 
қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясында сөз сөйлеген ДДСҰ 
бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус: «Біз эпидемиямен ғана 
емес, инфодемияға да қарсы күресудеміз», – деген. Жалған ақпараттың 
әлеуметтік желілер, медиа кеңістігі мен басқа да арналар арқылы оңай әрі 
тез таралатыны қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дағдарысқа түсіруде. 
Осы ретте сенімді ақпарат таратуға, статистикалық деректердің ашық 
болуына, деректерді жариялауда кедергілердің болмауына, денсаулық 
сақтау саласы мамандарының мәліметтері мен тәжірибесін жариялауына 
және рецензияланатын зерттеулер жүргізуіне баса назар аудару қажет. 
Жаһандану дәуірінде COVID-19 пандемиясын мүлдем тежеу мүмкін емес 
те шығар. Дегенмен денсаулық сақтау жүйесін басқаратын органдардың 
ақпараттық саясатын дұрыс ұйымдастырып, іске түрлі БАҚ арналарын 
тарту – халықтың үрейге бой алдыруы мен дүрбелеңге түсуіне жол 
бермеудің ең тиімді амалы (The Lancet, 2020).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет