Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет67/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

бағалау сипаты төмен деңгейде
болып отыр.
Әлеуметтік төлем саяси дискурсының келесі бір ерекшелігі – 
тривиализация семантикасы
. Азаматтарға өтінімді дұрыс толтыруды 
үйреткен нұсқаулығының мысалын қарастырайық: «Мәліметтерді дұрыс 
көрсетуіңізді өтінер едік. 
Небәрі
үш мәліметті көрсетсеңіз [көрсету 
керек]…». Бұл мысалдағы небәрі сөзі сол әрекет үшін жұмсалатын күшті 
айтып тұр, сонымен қатар өтінімді толтыруды барынша оңайлатқанын 
сездіретін әсер тудырып отыр.
• «Бірыңғай жинақ төлемін немесе әлеуметтік төлемді сіз үшін 
төлеген болса немесе өзіңіз төлеген болсаңыз, төлемді 
қиналмастан
ала аласыз [42 500]».
• «Біз өз жүйемізден төлеміңіздің түскенін көреміз де, өтініміңізді 
еш 
кедергісіз
қабылдап, сізге 42 500 теңгені тағайындаймыз».
• «Ол үшін сіз телефоныңыздан 5505 нөміріне SMS жіберсеңіз 
болғаны...»
• «Сіз [...] табысыңыздан айырылғаныңызды растадыңыз, демек, 
келесі күні-ақ өтініміңіз қаралымның қай кезеңінде жатқанын 
бақылай аласыз».
Бұл мысалдардың қай-қайсысында да қиғаш әріппен жазылған сөздер 
оңай екенін күшейтіп тұрған сөз және тыңдаушыға төлем алу рәсіміне көп 
күш жұмсау қажет емес екенін көрсетіп тұр.
Тіл құралын бұлайша таңдау мен 
келер шақты
қолдану 
коммуникациялық актінің сенімділігін көрсетіп тұр:
• «Бейресми жұмыс істеп жүрген, еңбек шартын жасаспаған, салық 
пен басқа да төлемдерді төлемей келген адамдардың да 42 500 
алу-
ға мүмкіндігі бар
. Олар, ел Президенті кеше айтқандай, мәртебесін 
ресмилендірсе болғаны
».
• «Үкімет қолдауының барлық бағыты бойынша 2020 жылдың аяғына 
дейін экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары 
жүзеге асады
». 
• «Таңертең әлеуметтік төлемге арналған арнайы сайт 
жұмысын 
бастайды
. Төлем алуға құқылы азаматтардың бәрі сол сайтқа 
деректерін енгізіп, 
өтінім бере алады
...» 
• «Көп адам «Өтінімді беру тым қиын, оған ЭЦҚ-ны тіркеу керек, 
т. б. eGov баяу істейді» деп жүр. Бұл механизмді жеңілдететін 
[техникалық] шешімдерді күн сайын 
ұсынып отырамыз
».
Келер шақ уәде беру тактикасы аясында қолданылады. Қазақстан 
саясаткерлері осылайша азаматтарға тыныштық пен қаржылық 


166
тұрақтылыққа кепілдік береді. Басқаша айтсақ, келер шақты қолданған 
және тривиалдыққа ие коммуникациялық акт реципиентке эмоционалдық 
әсер етуге, атап айтқанда, реципеттің бойында берілген уәденің жүзеге 
асатынына сенім тудыруға бағытталады.
Енді 42 500 теңге дискурсындағы сөйлеу әсерінің қаншалықты сәтті 
болғанын және онымен қатар жүретін перлокутив әсерін бағалауға 
кірісейік. Біз зерттеп отырған дискурстағы иллокутив актілердің әрбір 
типінің перлокутив мақсатына анықтама беруден бастайық. Коммиссивтер 
қиын-қыстау кезеңде Үкімет көмектесетініне Қазақстан азаматтарын 
сендірсе, экспрессивтер тыныштық пен қамқорлық сезіміне бөлеп, әр 
азаматтың мемлекет қамқорлығында екенін сезінуіне көмектеседі. 
Талдап отырған дискурстағы сөйлеу актілерінің жоспарланған әсерінің 
сәтсіз болғанын көрсететін пікірлердің сан жағынан көбірек екенін 
1-кестеден аңғаруға болады.
1-кесте. 42 500 теңге дискурсындағы сөйлеу әсерінің жетістік өлшемі
Перлокутив мақсат 
тұрғысындағы пікір түрлері
Пікірлердің перлокутив әсері 
Пікір саны
Комиссивке реакция 
Перлокутив сәтсіз
75
Пелокутив сәтті 
1
Экспрессивке реакция 
Перлокутив сәтсіз
56
Перлокутив сәтті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет