Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет92/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Атауы 
Сілтеме 
Nur.kz
https://www.nur.kz/
Zakon.kz 
https://www.zakon.kz/
Tengrinews.kz 
https://tengrinews.kz/
Inform.kz 
https://www.inform.kz/
Informburo.kz 
https://informburo.kz/
24.kz 
https://24.kz/ru/
Profit.kz 
https://profit.kz/
Today.kz 
http://today.kz
Vteme.kz 
http://vteme.kz
Біз ақпарат жинау үшін Қазақстан аумағындағы және дүниежүзіндегі 
COVID-19 туралы тікелей не жанама ақпарат беретін жаңалықтар 
мұрағатын (архивін) түгел тексеріп шықтық. Деректерді растау үшін 
мына ресми сайттарға жүгіндік: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ): www.
un.org, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ): www.who.int, www.
coronavirus2020.kz ақпараттық порталы, сонымен қатар StopFake және 
FactCheck атты қазақстандық веб-порталдар: www.stopfake.kz, www.
factcheck.kz (бұлар қазақстандық БАҚ-тағы жалған ақпаратты анықтап 
табуға маманданған) т.б., коронавирусқа қатысты статистикалық 
деректерді мына сайттан тексердік: www.worldometers.info.
Осы зерттеу аясында талданған мақалалар саны – 4 712. Қазақстанның 
ақпараттық веб-порталдарында орыс тілінде, мемлекеттік емес 


218
ауқымда жарияланған мақалалар ғана таңдап алынды. Көптеген ақпарат 
құралдарының бір мақаланы екі-үш рет қайта жариялап, «ақпараттық шу» 
жасағанын ескеріп, зерттеуге қажетті деректер жинауға белгілі дәрежеде 
шектеу қойдық. Атап айтсақ, бірнеше рет қайталанған жаңалықтар мен 
талдау және бағалау мақалалары зерттеуге енбеді.
Жұмыс барысында сапалы, сандық және дескриптив-
классификациялық зерттеу әдістері қолданылды. Сапалық талдау әдісі, 
нақтырақ айтқанда, эмпирикалық бақылау, синтез, талдау және салыстыру 
амалдары көмегімен жаңалықтарда (ақпарат сипатындағы мақалаларда) 
дезинформацияның бар-жоғы тексерілді. Мысалы, біз интернет-
порталдарға талдау жасаймыз, жаңалықтар архивін тауып, «СOVID-19, 
коронавирус, адам өлтіретін вирус, құпия вирус, қытай вирусы, белгісіз 
вирус, пневмония т.б.» деген сипаттамаға сай келетін мақалаларды 
синтездейміз (кодтаймыз), содан кейін мақаланы ресми дереккөзбен, 
мысалы, БҰҰ немесе ДДСҰ деректерімен салыстырып, ондағы жалған 
ақпаратты анықтаймыз. Сандық, статистикалық талдау әдісі зерттеудің 
екінші кезеңінде қолданылды. Бұл әдіс арқылы дезинформацияны 
(мисинформацияны) анықтау жиілігін және жалған ақпараттың төменде 
көрсетілген түрлері туралы статистикалық деректерді анықтаймыз.
Дескриптив-классификациялық әдіс жалған ақпаратты төменде 
көрсетілген критерийлерге сай анықтап жіктейді. Мұнда контекске, 
әлеуметтік аспектілерге және тілді белгілі бір нәтижеге жету мақсатында, 
атап айтқанда, дезинформатордың қоғам пікіріне әсер ету, адамдарды 
жаңылыстыру сияқты мақсаттарда қолдану тәсілдеріне баса назар 
аударылады.
Жалған ақпаратты (инфодемияны) дұрыс анықтап табу үшін 
дезинформацияның мынадай кең тараған критерийлеріне жүгіндік 
(Idelreal.org, 2017):
1. Күйзеліске түсіретін (жан түршіктіретін) ақпарат. Дұрыс жеткізілген 
ақпаратта оқырманның бойында қорқыныш, үрей тудырып, 
мазасыз күйге түсіретін, болған жайтты әдейі аса жағымсыз сарында 
сипаттайтын хабар болмау керек. Жан түршігерлік деректерді 
келтіріп, болмағанды болды дейтін мұндай ақпарат әдетте 
оқырманды күйзеліске түсіреді.
2. Автордың бір пікірді көрінеу жақтап, басқа пікірді жақтырмауына 
жол бермеу керек. Жақсы мақалада аталған пікірлердің екеуі де 
көрсетілуі керек, ал автордың оларға бейтарап көзқарас танытқаны 
абзал.
3. Дереккөздер сенімді, тексерілген, ресми әрі нақты айқындалған 
болуы тиіс. «Бір досымның дәрігері» немесе «ғалымдар айтыпты» 
деген сияқты нақты емес, тексеріп, растап көруге жарамайтын 
дереккөздер күмәнді.
4. Реңк (тональдық). Автор мақаладағы жағдайға қатысты эмоциясын 
білдірмеуге, алалық танытпауға міндетті. Оқырманның ашу-ызасын 
тудыратын немесе қатты қуантатын ақпарат күдік тудырады, сақ 
болыңыз. Манипуляторлар зор эмоция тудыратын хабарлардың 
әлдеқайда тез таралатынын біледі. Дұрыс жеткізілген ақпарат 
бейтарап әрі ұстамды болады.


219
Біз осы критерийлерді негізге ала отырып, зерттеу контексіне сай келетін 
категорияларды анықтауға тырыстық.
1. Жаңылыс басылған сөздер, адамның қате жазылған тегі (аты-
жөні), емле, синтаксистік және грамматикалық қателер
информатордың жасы, қызметі сияқты ескірген деректер – бұлар 
да ішінара дезинформация болып саналады, алайда олар контекске 
айтарлықтай нұқсан келтірмейді.
2. Сенімді емес, тексерілмеген, ресми емес дереккөздер.
3. Ақылға сыймайтын мәліметтер, соның ішінде коронавирусты емдеу 
және сақтану жөніндегі кеңестер.
4. Жалған (қайшы) ақпарат: мысалы, бетперде тапшы, бұл вирус тұмау 
секілді, вирустың таралу деңгейі төмен, оның белгілері мынадай: 
жөтел, аздап қақырық шығады, вирус жоғары температурада өліп 
қалады, Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан бастап, жаппай ПТР-
тестілеу жүріп жатыр және т.б. қарама-қарсы мәліметтер.
5. Эмоциялық реңкі қатты (тональдығы жоғары) хабарлар: автордың 
«өлімге жеткізер вирус», «Қытайдан шыққан вирус», «адам өлтіретін 
вирус», «белгісіз пневмония» деген және т.б. қорқынышты сөз 
тіркестерін қолдануы.
Аталған критерийлерді қолданып, интернет-порталдардағы 
дезинформацияға қатысты тиісті критерийді анықтау жиілігі көрсетілген 
график жасадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет