40-тапсырма.Температура Бізді қоршайтын әлемдегі кейбір физикалық құбылыстар денелерді қыздыру
немесе суытуымен байланысты. Қыздыру кезінде суық су жылынып, одан
кейін қайтадан суитынын білеміз. «Суық», «жылы», «ыстық» сөздерінің
көмегімен біз дененің қызу дәрежесін ажыратамыз, физикада бұл сөздер
денелердің әр түрлі температурада тұрғанын білдіреді. Ыстық судың
температурасы суық судың температурасынан жоғары болады. Жаздағы
ауаның температурасы қыстағы ауаның температурасынан жоғары болады.
Денелер температурасын термометр көмегімен, өлшемі градус Цельсий (
0
С)
арқылы өрнектейді.
Жоғары температурада диффузия жылдам өтетінін білеміз. Бұл
молекулалардың қозғалыс жылдамдығы мен температурасы өзара байланысты
екендігін білдіреді. Дененің температурасы артқан сайын молекулаларының
қозғалыс жылдамдығы өседі, температура төмендеген сайын кемиді.
Сонымен,дене температурасы молекулалардың қозғалыс жылдамдығынан
тәуелді.
Сұрақ:1 Сау адам денесінің абсолют температурасы неге тең?
А.36,6 К В.309,6 К С.100 К D.237,6 К
Сұрақ:2. Дененің қызу дәрежесін сипаттайтын шама
А.Жұмыс В.Энергия С.Жылдамдық D.Температура
Сұрақ: 3 Ыстық және суық су молекулаларының айырмашылығы неде?
А.Атомдар санында В.Молекулалар өлшемінде
С.Молекулалардың қозғалыс жылдамдығында
D.Молекулалардың массасында
Сұрақ: 4 Неге Артиканы зерттейтін ғалым сынап термометрге қарағанда спирт
термометрді қолдануды ұйғарады?
1.
Себебі спирт термометр дәлірек көрсеткіштерді береді
Иә/жоқ
2.
Себебі сынаптың қатаю температурасы спирттің қатаю
температурасынан төмен
Иә/жоқ
3.
Себебі спирттің қатаю температурасы сынаптың қатаю
температурасынан төмен
Иә/жоқ