Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет25/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

 
Сұрақ :5
Келтірілген шкала бойынша 
Мадагаскар аралының 
температурасын Цельсий және 
Фаренгейтпен анықтаңдар 
 
 
 
 
 
 
Сұрақ: 6 
Алматы оқушылары ауа райын тыңдаған соң, ауаның температурасы 
туралы пікір таласып отыр. «Бүгін радио 
бойынша сағат 12-де ауа температурасы –
10°C деп айтқан. Бірақ бұл дұрыс емес. 
Абай даңғылынан жоғары тұратын ағам 
үйіндегі термометр –8°C көрсетті» -деді 
Досбол. Оған Әлия қарсы шықты: 
«Райымбек даңғылынан төмен тұрамын. 
Біздің термометріміз сағат 12-де –12°C 
көрсетті». Балалардың екеуі де дұрыс 
айтып тұр. Алматының әр түрлі жерлерінде орналасқан термометрлер бір 
уақытта әр түрлі температураны көрсетеді. Осыны қалай түсіндіре аласыңдар? 
Жауап: суық ауа жылы ауадан ауыр. Қыста салқын ауа жоғарыдан төмен 
түседі, сондықтан төменде ауаның температурасы төмен болады. Қазастандағы 
Алматы қаласы Алатау етегінде орналасқан, сондықтан қаланың оңтүстік жағы 
солтүстік жағынан жоғары орналасқан. Сондықтан бір уақытта Алматының әр 
түрлі жерінде әр түрлі температура байқалады.
Сұрақ 7:
Тұщы су 0°C температурада қатады. 
Қазақстандағы Балқаш көлінің бір 
бөлігі тек қатты аяздарда, ал екіншісі 
0°C қатып қалатыны неліктен? Бұл 
құбылысты 
қалай 
түсіндіре 
аласыңдар? 
Жауап: Бұл Балқаш көлі. Оның батыс жағы тұщы ал шығыс жағы ащы болады. 
Себебі батыс жағынан оған Ілі өзені құяды, ал көл ортасынан Балқан түбегімен 
екіге бөлінген.
41-тапсырма.Су электр станциясы

Түсетін мәзірден сұраққа жауапты 
таңдаңыз



Сұрақ1
:Электр станциясында энергияның бірнеше өзгерістері болады. 
Турбина мен генераторда энергияның қандай өзгерістері болады?
 
Дұрыс жауап: Әрбір жайылмалы мәзір энергияның төрт түрін атап өтеді: 
гравитациялық, потенциалды, кинетикалық және электрлік. Оқушылар 
анимацияланған диаграмманы дұрыс түсіндіріп,турбина мен генератордың 
кинетикалық энергияны электрлік энергияға өзгертетінін көрсетуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет