Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет109/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Әт-тахияту лиллаһи уас-
салауату уа’таййбату, әс-сәламу а’ләйка әйюһән-
нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһу, әс-сәламу 
а’ләйна уә а’ла ибәдиллаһис-саалихин, әшһаду ән ләә 
иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу 
уә расулуһ»,
«Аллаһумма салли а’ла Мухаммәдин уә а’ла әли 
Мухаммәд. Кәмәә саллайта а’ла Ибраһимә уә а’ла әли 
Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а’ла 
Мухаммәдин уә а’ла әли Мухаммәд. Кәмәә бәәрәктә 
а’ла Ибраһимә уә а’ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун 
мәжид».


191
Намаз
 «Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-
әәхирати хасанатән. Уә қинәә а’заабан-наар.»
Осыдан 
кейін барып 
«әс-Сәламу а’лайкум уә рахматуллаһ»
– 
деп алдымен – оңға, сонан соң – солға сәлем береді. Міне, 
осылайша екі рәкаттық намаз аяқталады. Негізі намаз 
осы екі рәкаттық қозғалыстан тұрады. Бұл намаздағы 
барлық «тәкбір», «тәсбих», «қырағатты» түгелдей құпия 
оқиды. Ер мен әйелдің намаздағы айырмашылықтары 
жайлы жоғарыда айтып өткенбіз.
Міне, екі рәкат сүннет біткеннен кейін бамдат 
намазының екі рәкат парызы басталады. Алдымен 
қамат айтылады да, парызға ниет етіледі. Осыдан кейін 
қолдарын көтеріп, 
«Аллаһу әкбар»
деп, намазға бастайды. 
Бұл екі рәкат тұп-тура, жоғарыда өткен екі рәкат сүннет 
секілді оқылады. Бірақ «Фатихадан» кейін Құранды 
көбірек оқу – сүннет. Бұл сүннеттің азы – қырық аят. 
Бірақ үш аят оқыса да болады. Бамдат намазын жеке 
оқыған адам тәкбірлерді, «Фатиха» мен сүрелерді яки 
аяттарды, «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһты» жария оқи 
алады.
Бесін намазы
Бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннетінің 
алдыңғы екі рәкаты дәл бамдат намазының екі рәкаты 
секілді оқылады. Яғни, сүннетке ниет етіп, қол байланып, 
екі рәкат оқып отырады. Бірақ бұл жерде әт-тахиятты 
оқығаннан кейін «Аллаһу әкбар» деп орнынан түрегеліп, 
қиямға барады. Салауат пен дұға оқылмайды. Салауат 
пен дұға әрқашан намаздың соңғы отырысында оқылады. 
Қиямға барған соң «субханака» дұғасын оқымай, бірден 
Бисмиллаһ пен «Фатиха», Құраннан сүре оқылады. Одан 


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет