Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет111/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ақшам намазы
Ақшам (намазшам) намазының үш рәкат парызы 
бесін мен намаздыгер намазының алғашқы үш рәкат 
намазы секілді оқылады. Алдымен ақшам намазының 
парызына ниет етеді де, қол көтеріп, тәкбір айтып, қол 
байлайды. Содан кейін жоғарыда айтылғандай екі рәкат 
оқылып, болған соң отырып, «әт-тахият» оқиды. Бұл – 
бірінші отырыс. Міне, осыдан кейін тәкбір айтып, үшінші 
рәкатқа бастайды. Бұл жерде Бисмиллаһ пен «Фатиха» 
оқылады да, сүре, аят оқылмай, рүкүғ пен сәждеге барып, 
ақырғы отырысқа отырады. Бұл жерде «әт-тахият», «са-
лауат» және дұға оқып барып, екі жаққа сәлем береді. 
Ақшам намазында уақыт қысқа болғандықтан, қысқа 
сүрелер оқылады.


194
Ислам ғылымхалы
Ақшам намазының екі рәкат сүннеті – айна-қатесіз 
бамдат намазының екі рәкат сүннетіндей оқылады. Жеке 
адам ақшам намазы парызының екі рәкатын бамдат 
намазының парызы секілді жария оқи алады. Бірақ соңғы 
рәкатта Бисмиллаһ пен «Фатиханы» құпия оқиды.
Құптан намазы
Құптан намазының алдымен төрт рәкат сүнетті 
оқылады. Бұл – намаздыгер намазының төрт рәкат 
сүннетіндей мүәккад болмаған сүннет. Айна-қатесіз 
намаздыгердің төрт рәкат сүннеті секілді оқылады. 
Осыдан кейінгі оқылатын төрт рәкат құптан парызы 
да дәл бесін және намаздыгер парыз намаздары секілді 
оқылады. Айырмашылығы құптан намазына ниет 
етіледі. Осыдан кейін оқылатын екі рәкат сүннет бамдат 
намазының екі рәкат сүннеті секілді оқылады. Бұл жерде 
тек ниет өзгереді. Жеке оқыған адам құптанның алғашқы 
екі рәкатын жария оқи алады.
Үтір намазы
Үш рәкаттан тұратын үтір намазының оқылу тәртібі 
төмендегідей: Алдымен үтір намазына ниет етеді. Содан 
кейін қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлап бастай-
ды да, екі рәкаттан кейін отырып, «әт-тахият» оқиды. 
Осыдан кейін тәкбір айтып, орнынан тұрып, үшінші 
рәкатқа Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқиды да, «әмин» деген 
соң, осыған жалғастырып аят немесе сүре оқиды. Осыдан 
кейін түрегеп тұрып, қолдарын құлағының тұсына дейін 
көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, тәкбір айтады да, қайта қол 
байлап, түрегеп тұрған бойы «құныт» дұғасын оқиды. 


195
Намаз
Содан кейін тәкбір айтып, рүкүғ пен сәждеге барып, 
ақырғы отырыс жасайды. Әдеттегідей «әт-тахият», «са-
лауат» және «раббана әтина» дұғасын оқып, екі жаққа 
сәлем береді. Мұның дәлелі: Хазіреті Айша былай дейді: 
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш рәкат үтірді оқитын. Үш 
рәкаттан кейін сәлем беретін». Басқа бір хадисте Аллаһ 
Елшісі былай дейді: «Ей, Құран иелері! Үтірді оқыңдар. 
Өйткені, Аллаһ жалғыз. Тақ санды жақсы көреді»
231
.
Үтір намазы Рамазанда ғана жамағатпен оқылады. 
«Құныт» дұғасын білмейтін адам «Рәббәнә әәтинә...» 
дұғасын оқи алады.
Құныт дұғасы. Бұл – Хазіреті Омар мен ұлы 
Абдуллаһтан (р.а.) бізге жеткен:
ُبوُتَن َو َكِب ُنِمْؤُن َو َكيدْهَت ْسَن َو َكُرِفْغَت ْسَن َو َكُنيِعَت ْسَن اَّنِا َّمُهللأ{
َكُرُف ْكَن َلا َو َكُرُك ْشَن ُهَّلُك َرْي َخْلا َكْيَلَع ىِنْثُن َو َكْيَلَع ُلَّكَوَتَن َو َكْيَلِا
ُد ُج ْسَن َو ىِّل َصُن َكَل َو ُدُبْعَن َكاَّيا َّمُهللأ .َكُر ُجْفَي ْنَم ُكُرْتَن َو ُعَل ْخَن َو
َكباذَع َّنِا َكَباذَع ى َش ْخَن َو َكِتَم ْحَر و ُجْرَن ُدِف ْحَن َو ىَع ْسَن َكْيلا َو
} ٌق ِحْلُم ِراَّف ُكْلاِب


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет