196
Ислам ғылымхалы
Мағынасы:
«Аллаһым, біз күмәнсіз сенен жәрдем
және кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз.
Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе
етіп, саған сүйенеміз. Сені барлық жақсылықтармен
мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе
шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған
қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем
байланысымызды үземіз. Аллаһым! Біз тек саған ғана
құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде
етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу
үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің
рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз.
Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды».
Науқас адамдар намаздарын қалай оқиды?
Ақыл-есі дұрыс кісілер басқа жерлері науқас болса
да діни міндеттерден жауапты. Бірақ дініміз бұл діни
парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен.
Намаз оқудағы жеңілдіктер:
Науқас кісі әл-қуат, шама-шарқына қарай намазын
оқиды. Мысалы, түрегеп тұра алмайтын, яки, тұрған
жағдайда ауруының күшеюі
сияқты жағдайларда,
отырып, оған да күші жетпесе, ыңғайына қарай шалқайып
немесе жанымен жатып намазын оқиды.
Намазын бір нәрсеге сүйеніп түрегеп тұрып оқи
алатындар сүйеніп оқиды.
Ифтитақ (ашу, бастау) тәкбірін түрегеп тұрып ала
алатын болса, түрегеп тұрып алып, қалған намазын ша-
масына
қарай отырып, яки, жатып жалғастырады.