Ислам ғылымхалы
Әлбетте, оның мемлекеттік лауазымды істерді қабыл
етпеуінің бірнеше себептері бар:
1. Аббаситтер көтеріліп, Омияттардың көптеген
жерлерін басып алған. Егер ол Омияттардың саяси
істерін қабыл етсе, өзін таныған халық арасында дау
туып кетер еді.
2. Омияттардың басқару жүйесі бұрыс. Әділеттілікті
терістеп, олардың айтқанын екі етпеуге тырысу нағыз
елге жасалған зұлымдық емес пе? Олар жазықсыз жанның
қанын төгетін. Бұл – ханифтік негіздегі Исламға қайшы
іс-әрекет.
Кейіннен Аббаситтер дәуірінде де Әбу Ханифа
әділеттілігі үшін көп азап шекті. Аббасит Мансұр
қазылық жұмысын ұсынды. Ол тағы да жөн көрмеді.
Ақырында Мансұр оны қапасқа қамап, ауыр жапа
шектірді. Оның зындандағы халін Рашид Уасиди былай
баян етеді: «Күнде зынданнан шығарып, қамшымен он
мәрте ұратын. Тіпті 110 дүре соғып, қазылықты қабыл
ет» деп күштейтін. Ол болса: «Мен бұған лайық емеспін»
– деуден таймайтын. Дүре соғылып жатқанда: «Я, Аллаһ
Тағалам! Құдіретіңмен мыналардың жамандығынан
сақта!» – деп дұға ететін. Қазылықты қабылдамайтынын
білген соң тамағына у қосып өлтірді».
Осылайша алып кемеңгер Имам Ағзам әділеттілікті
жақтағаны үшін залым халифаның қолынан (һижри 150)
қаза тапты. Нағыз «Әбу Ханифа» Исламның бейбітшілік
байрағын адамзаттың жүрек-әлеміне тігуге тырысты. Ол
барша жұрттың арасында шындықты жасырмай қатесін
айтатын. Оның шамамен 40 мыңға жуық, кейбір хабарда
бес мың мүштәһид шәкірттері болды. Ең мықтылары
төртеу: Әбу Юсып Яқуб ибн Ибраһим әл-Куфи (ө.182/798),
25
Ислам ғылымхалы
Имам Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбани (ө.189/805),
Имам Зуфәр ибн әл-Хусәйл бин Қайс (ө.158/775), Хасан
ибн Заид әл-Лу´луи (ө.184/800).
Ол күн сайын шәкірттерімен фиқһ жайлы
пікірлесетін. Шәкірттері өзіндік пікір-көзқарастарын
жасырмай, қысылмай айтушы еді. Кейде Әбу Ханифа
бір мәселе жайлы фәтуа беріп, үйіне келгенде түні бойы
Құранды түгелдей қарап шығып, өз үкімінің дұрыс яки
бұрыстығын қайта тексеретін. Хадистерге қарап, ойын
саралап, нақыл мен ақыл таразысына тартатын. Егер
берген үкімінде қателік кетсе, дүйім шәкірттерінің алдына
шығып, қателігін мойындап, дұрысын дәлелдейтін.
Ақиқатқа келгенде еш нәрседен қаймықпады. Оның дәріс
алқасы «ақиқаттың ауылы» еді.
Имам Ағзам мәзһабы тек өзінің көзқарастарын
білдірмейді. Жоғарыда айтқандай, оның шамамен
бес мыңдай мүштәһид шәкірттері болған. Мүштәһид
– фиқһ саласындағы білгір жаңа заман талаптарына
сай үкім шығаруға шамасы жететін адам. Сондықтан
Имам Ағзам мәзһабы – осындай ғұламалардың ислами
көзқарастарынан туған ақиқат жолы.
Имам Ағзам өте діндар кісі болғандықтан,
кішіпейілділік пен тақуалықты бәрінен жоғары санай-
тын.
Бірде оған біреу: «Сен менің иемсің», – дейді.
Сонда ол: «Аллаһ Тағалаға ант етейін, мен сенің берген
абыройыңнан әлдеқайда беделдімін», – деп жауап береді.
Мен Аллаһтың пендесімін. Бұдан өзге биік лауазым
болар ма?! Оның тақуалығы жайлы ғибратты әңгімелер
көп айтылады. Бірде ол базарда жүргенде екі адамның
әңгімесін құлағы шалады. Әлгі екі адамның бірі жол-
|