Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет9/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
– Жоқ, христиан емес.
– Пұтқа табынушы ма?
– Жоқ.
– Сонда қай ұлттан?
– Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның құлы 
және Елшісі деген үмбеттен.
– Шәһадат кәлимасы иманның үште, төртте яки 
бесте бірі ме?
– Иманның ондай үште, төртте, бесте бірі болмай-
ды. Ол бөлінбейді.
– Иманның қаншасы сонда?
– Тұтасы.
– Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың 
мұсылман екенін айттыңдар.
– Сен мұны қоя тұр. Олар жаннаттық па, әлде 
жаһаннамдық па?
– Айтарым: Хазіреті Ибраһим осы екеуінің 
күнәсынан әлдеқайда үлкен күнә жасаған елі үшін Аллаһ 
Тағалаға былай деп дұға етті: 
«Маған ілескендер менен. 
Маған қарсы шыққандарға: «Сен кешірімшіл және 
рақымдысың»...
Сол сияқты Хазіреті Исаның ойы да 
осы орайдан шыққан: 
«Егер азап етсең, олар Сенің 
құлдарың, егер кешірсең, Әзиз және Хәким Сенсің»

Менде иман еткендерді қуатын күш жоқ. Осы кезде ха-
рижиттер қаруларын тастады
7
.
Әбу Ханифа өскенде кәламнан фиқһ саласына көшті. 
Фиқһқа ауысуы жайында түрлі көзқарастар бар. Ол 
ұстазы көз жұмғанша қасында болған. Өзі былай дейді: 
«Бірде Басра қаласына келдім. Онда жұрттың кез-
келген сұрағына мүдірмей жауап беремін деп ойладым. 
7
Мухаммед Әбу Зәһра. Әбу Ханифа, Станбул. 1966. 10-15.


21
Ислам ғылымхалы
Бірақ небір қиын сұрақтарға тап болып, жауап беруім 
қиынға түсті. Сонда ұстазым Хаммадтың қасынан 
өле-өлгенше кетпеуге ант еттім. Он сегіз жыл оның 
шәкірті болдым».
Имам Ағзам ұстазы қайтыс болғанда, қырық жаста 
еді. Осы уақыттан бастап ол дәріс беруді қолға алған. 
Кейде Мекке мен Мәдина қаласына да зияратқа баратын. 
Екі қалада да табииндер (сахабаларды көргендер) көп еді. 
Сол жерде олар хадис тыңдап, фиқһ жайлы пікірлесіп 
әрі үлкен ғұлама кісілерден дәріс алды.
Имам Ағзамның ата-бабалары саудагер болғандықтан 
ол дәулеті мол отбасында өсті. Тарих қойнауына көз 
тастасақ, ата-бабалары жүн, жібек, мата саудасымен 
айналысқан. Әбу Ханифа жастайынан ата-бабасынан 
қалған осы істі жалғастырды. Кейіннен Шағби деген кісі 
ілім жолына ынталандырғаннан кейін өзін фиқһ саласы-
на толықтай берді. Бірақ бақиға аттанғанға дейін сауда 
ісін тастамады. Кейбір мағлұматтарға назар аударсақ, 
оның саудада серіктесі бар-тын. Имам Ағзамның фиқһ 
пен хадис іліміне қызмет етуінде осы серіктесінің көмегі 
көп тиген. Ғылым мен сауданы бірге алып жүру оңайға 
соқпайды. Негізінде ілім мен сауданы қатар алып жүрген 
ғалымдардың жағдайы қашан да осылай болған.
Ол аса жомарт, кеңпейіл кісі еді. Көпшілік оның 
сауда-саттықтағы сипатын көбіне Хазіреті Әбу Бәкірге 
қатты ұқсататын. Саудада ол әрқашан адалдық пен 
сенімділіктен таймады. 
Бірде оған бір әйел сатуға жібек киім әкелді. 
Әбу Ханифа бағасын сұрады. Әйел оның жүз дирхам 
тұратынын айтты. Әбу Ханифаның «Жоқ, бұл одан 
қымбат тұрады» – деген жауабына әйел:


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет