29
Ислам ғылымхалы
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәретін жаңаламастан намаз
оқығаны
айтылады
10
.
Ал
Шафиғилар болса,
аяттағы тию мағынасын
білдіретін «ләмс» сөзінің астарлы мағынада емес, тілдегі
негізгі мағынасында
қолданылды деген көзқарасты
таңдағандықтан, ер кісінің әйеліне яки басқа әйелдерге
қолы немесе кез-келген денесі киімсіз жалаң күйде
тиген жағдайда дәреті бұзылады (анасы, қызы сияқты
үйленуіне болмайтын адамдарға тисе дәреті бұзылмайды).
Ханафилардың дәлел ретінде келтірген хадисіне былай
деп жауап береді: «Пайғамбарымыз әйеліне қолын яки
басқа денесін тигізгеннен кейін дәретін жаңаламаса,
әйелінің
денесіне емес, киіміне тигізген шығар».
Екі мәзһабтың да
көзқарастары дәлелдерге
сүйенгендіктен екеуі де дұрыс.
ә) Бір сөздің астарлы мағынасынан тыс негізгі
бірнеше мағынасының болуы:
Аяттардағы бір сөздің
бірнеше мағынаны білдіруі де бір мәселеде мәзһабтар
арасында әр түрлі көзқарастардың туындауына себеп
болған.
Достарыңызбен бөлісу: