203
Намаз
лауат», «раббанә әтина» дұғаларын толық оқып, сәлем
беріп, намазын аяқтайды. Ақшам намазының екінші
рәкатына үлгерген адам үш рет тәшәһһүдке отырады.
Бірақ екінші рәкаттың соңында қателесіп, отырмай қалса,
сәһу сәждесі қажет емес.
Төрт рәкатты намаздың соңғы рәкатына
үлгерген жағдайда...
Төрт рәкатты намаздың төртінші рәкатында имамға
ұйыған адам имам екі жаққа сәлем бергеннен кейін тұрып,
«субханака» дұғасы мен «ә’узу мен бисмиллаһты» және
«Фатиха» мен қосымша сүре оқып, рүкүғ және сәжде
жасап отырады. Бұл отырыста тек қана «әт-тахият»
дұғасын оқып, қайта тұрады. «Бисмиллаһтан» кейін
«Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ, сәждеге
барып соңғы рәкатқа тұрады. Бисмиллаһтан кейін тек
қана «Фатиха» сүресін оқып, рүкүғ, сәждеге барып, соңғы
отырысқа отырып, «әт-тәхият», «салауат», «раббанә
әтина» дұғаларын толық оқып, сәлем беріп, намазын
аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: