Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет118/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

* * *


205
Намаз
Жұма намазы
Жұма намазы – дінімізде өте маңызды санала-
тын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма 
күнінің ежелде еврей және христиандар үшін апталық 
ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің 
орнына сенбі күнін, христиандар жексенбі күнін апталық 
ғибадат күні ретінде өзгертіп қабылдағаны және Ислам 
діні келгеннен кейін ұмыттырылған қасиетті бұл күннің 
мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы Пайғамбарымыз 
(с.а..у) былай дейді: 
«Біз – бұрынғы кітап берілгендерге 
қарағанда, ең соңғысымыз. Қияметте–ең алға өтеміз. 
Олар Аллаһтың өздеріне парыз еткен осы жұма намазы 
күні жайында қарама-қайшы пікірге түсті. Аллаһ 
оны бізге көрсетті. Басқа адамдар бұл туралы бізге 
бағынады. Жұма күнінің ертеңі – яһудилердікі, одан 
кейінгі күн – христиандардікі»
232
. Пайғамбарымыздан 
(с.а.у.) бұл күннің неліктен жұма аталуының себебін 
сұрағанда, былай деп жауап қатты: 
«Күмәнсіз, әкеңіз 
Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол 
күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі 
үшін ұсталулары да – сол күні болады. Жұма күнінің 
үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға 
еткеннің дұғасы қабыл болады»
233
, – дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисте: «Мен 
дұғалардың қабыл болатын сағатының қай уақытта 
екенін білуші едім, бірақ Қадір түні сияқты бұл да маған 
ұмыттырылды», – деп жұма күнінде дұғалардың қабыл 
болатын арнайы бір сәттің бар екенін айтады. Міне, 
сондықтан мүмкіншілік болса, жұма күнін толықтай құран 
232
Бухари, Жұма, 1. 211.
233
Ахмед ибн Ханбәл, III, 311.


206
Ислам ғылымхалы
оқу, намаз оқу, тәсбих, салауат айту сияқты ғибадатпен 
өткізу керек. Жұма күні тазаланып, мешітке ертерек 
барып, хұтба тыңдап, артынан намаз оқыған адамның 
алдыңғы жұма мен сол жұманың арасында жасаған 
күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыздың 
хадистерінде сүйінші хабар бар.
Жұма күні мұсылмандардың апталық айты, мейра-
мы болғандықтан бейсенбі күні ақшамнан бастап, заттық 
және рухани тазалыққа басқа күндерге қарағанда көбірек 
көңіл бөлу керек. Заттық тазалықтың ең басында ғұсыл 
алу, тырнақ алу, таза киім кию, хош иісті әтір себу келеді. 
Рухани тазалық ретінде жұмадан бұрын күнәларына 
тәубе етіп, көбірек зікір, салауат айтып, дұғаның қабыл 
болатын құпия сағатына тура келуді үміт етіп, көбірек 
дұға етуге тырысу керек.
Мұсылмандардың жұма намазды оқу үшін бір жерге 
жиналулары жұма намазының осылай аталуына бірден-
бір себеп болған. Һижреттен бұрын, яғни Меккеде жұма 
намазы жоқ еді. Аллаһ Елшісі «Ақаба» сертінен кейін 
Мус’аб ибн Умейрді Мәдинаға мұғалім етіп жіберді. Оған 
сол жерде бесін уақытында екі рәкат намаз оқуын әмір 
етті. Міне, сондықтан мұсылмандар Әсад ибн Зурараның 
Мәдина сыртындағы үйіне жиналып, жұма намазын оқи 
бастады. Негізінде жұма намазына байланысты аяттың 
Мәдинада түскенін және Аллаһ Елшісі алғаш жұма на-
мазын һижрет кезінде Салим ибн Ауф тайпасына тиісті 
Рануна қойнауында оқығанын ойлап қарасақ, Әсадтың 
оқыған екі рәкат намазы жұма намазының парыздығынан 
бұрын болып, оқыған намаздарының бесін намазы екенін 
аңғаруға болады.


207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет