Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет122/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Хұтпаның уәжіптері
1. Хұтпаны тік тұрып және адамдарға қарап оқу.
2. Кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болу.
3. Әурет жері жабық болу.
242
Хұтпаның сүннеттері
1. Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір 
тәсбих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті, 
бұны «хұтпа» деп атайды.
2. Бұл екі хұтпаның әрбірі – шәһадат сөздерін, са-
лауатты қамту керек.
3. Бірінші хұтпа – бір аят және насихатты, екінші 
хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші 
хұтпада хұтпашының даусы – бірінші хұтпадан төмен 
болуы керек. Бұлар хұтпаның сүннеті.
4. Екі хұтпаны ұзатпау.
242
Білмен, 157.


212
Ислам ғылымхалы
5. Хұтпашы мінберге шыққан кезде оның алдын-
да азаншы азан оқиды. Хазіреті Пайғамбар заманында 
оқылған азан осы.
6. Хұтпашы азаннан кейін тұрып, құпиялай әғузуды 
оқып, жариялай Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын 
жамағатқа қарап оқиды.
7. Хұтпа біткен кезде қамат айтылады.
Жұма намазы ауылдық жерлерде де оқылатыны 
жайлы бұрыннан рұқсат берілген. Бір ауылда тұратын 
адам қалаға келіп, жұма уақытына дейін қалуды ниет 
етсе, оған жұма намазы – парыз. Бірақ жұмадан бұрын 
кетуге ниет етсе, парыз емес. Жұма уақыты кіргеннен 
кейін шығуды ниет етсе, басым көпшіліктің көзқарасы 
бойынша, парыз болмайды. Ауылға көліктің ерте кетіп, 
басқа бір көліктің болмауы секілді себептерге байланы-
сты, жұманы күтпесе де болады. Бесін намазын оқыса, 
жетіп жатыр. Жұма күні жолға шығуға болады. Бірақ 
түстен кейін жұма намазын оқымай шығуы – мәкрүһ. 
Жұма күні тәкбір айту, жуыну, хош иіс жағу, мисуак 
қолдану, жақсы киім кию – мұстахап. Жұма күні азан 
оқылған кезде себепті жағдайы болмағандардың істерін 
тоқтатып, мешітке дереу баруы – уәжіп. Жұма күні 
мешітке ерте бару, екі рәкат намаз оқу, «Кәһф» сүресін 
оқу немесе тыңдау – мәндүп.
Хұтпашы мінберге шыққан кезде, жамағаттың 
тыныштық сақтауы, сәлем алып, сәлем бермеуі, нәпіл 
намаз оқымауы керек. Жұманың екі сүннетін оқып қойса, 
қалғанын тезірек уәжіптерін бұзбай бітіру қажет. Тіпті 
хұтпада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аты айтылса да са-
лауат айтпай үнсіз қалу – абзал. Бірақ Әбу Юсуп бой-
ынша, іштей салауат айтылады.


213


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет