226
Ислам ғылымхалы
Дәрет намазы
Дәрет немесе ғұсыл алған соң, екі рәкат намаз оқу
– мәндүп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Кімде-
кім дәрет алып, одан кейін екі рәкат намаз оқыса және
осы екі рәкатқа жүрегін терең салса, жәннат уәжіп
болады»
259
.
Сәске намазы
Бұл намаздың ең азы – екі рәкат. Төрт немесе сегіз
рәкат оқиды. Уақыты – күннің найза бойы көтерілгенінен
күн тас төбеге жетуіне жарты сағат қалғанға дейін
жалғасады.
Тәһажжүд намазы
Құптан намазынан кейін немесе аз уақыт ұйықтап
тұрғаннан кейін оқылатын нәпіл намазды «түнгі намаз»
дейді. Түннің жартысынан бастап, сәре уақытының
аяқталуына дейінгі уақытта тұрып оқылған намаз-
ды «тәһажжүд намазы» дейді. Тәһажжүд намазы
екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Бұл намаз – Аллаһ
Елшісіне парыз. Оның дәлелі мына аят:
Достарыңызбен бөлісу: