Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет143/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды 
жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір 
заманауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына 
жауап беруде және қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, 
өзінің сарқылмас қазынаға толы мәңгілік мұғжиза
ескірмес иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.
• Әлемде миллиондаған адам жатқа білетін және 
күн сайын жалықпастан оқылатын дәл Құрандай екінші 
кітап жоқ. Алты жүзден аса беттен тұратын Құран 
Кәрімнің араб тілін білмейтін миллиондаған адамдар 
тарапынан сөзбе-сөз толықтай оңай жатталуы және 
адамның жан дүниесіне ағыла құйылып, баурап алатын, 
тек өзіне ғана тән ерекше әуені мен әуезі – Оның иләһи 
кітап екендігінің нақ белгісі.
• Құранның бұрын болып кеткен оқиғалар мен 
келешекте болатын оқиға, жаңалықтардан хабар беруіне 
ат үсті қарап, оны адам баласының жазған туындысы 
деу ақылға сыйыспайды. Бұл жерде барлығын қамтып 
жазудың мүмкін еместігін ескерте отырып, кейбіреулеріне 
тоқтала кеткенді жөн көрдік.
• Салих, Лұт, Мұса (а.с.) сияқты пайғамбарлар мен 
қауымдарының ежелгі дәуірде ғұмыр кешкен мекендері 
мен өмір сүру ахуалдарын Құран баяндағандай енді ғана 
зерттеп тапқан қазіргі археология ғылымы Құранға 
еріксіз таңқалуда.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде румдықтар 
мен сасанидтер үнемі бір-бірімен шайқаста бола-
тын. Румдықтар сасанидтерден соңғы соғыста қайта 
бас көтерместей ойсыра жеңіліске ұшырайды. Осы 
жеңілістен кейін румдықтардың бірнеше жылдың ішінде 
жеңіс тұғырына қайта көтерілетіндігіне ешбір кемеңгер, 


245
Намаз
данышпанның болжам жасауы мүмкін емес еді. Міне, 
осындай ешбір болжамның ұшы да көрінбеген кезеңде 
Құран Кәрім румдықтардың осы жеңілістерінен кейін 
сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңетіндігін 
дөп басып айтып салады:
يِف َنوُبِلْغَيَس ْمِهِبَلَغ ِدْعَب نِّم مُهَو ِضْرَ ْلأا ىَنْدَأ يِف ُموُّرلا ِتَبِلُغ﴿
﴾... َنيِن ِس ِع ْضِب


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет