Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Рум жеңілді, сендерге ең жақын жерде. Олар бұл



Pdf көрінісі
бет144/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Рум жеңілді, сендерге ең жақын жерде. Олар бұл 
жеңілістерінен кейін бірнеше жылдың ішінде қайта 
жеңіске жетеді...»
280
. Құран айтқандай-ақ румдықтар 
сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңіп, Құран 
баянын растайды.
Құран және ғылым
• Құран Кәрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда 
ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді 
осыдан он төрт ғасыр бұрын яғни, микроскоп, теле-
скоптан мақұрым қараңғы бір ғасырда қорытынды 
түрде дөп басып айтып кетуі көптеген батыс-шығыс 
ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Міне, 
бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Аллаһ та-
рапынан жіберілгендігін толған айдай айқын білдіреді.
Мысал ретінде бірнеше аят:
Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді
Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының 
ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп 
280
Рум сүресі/1-4.


246
Ислам ғылымхалы
білінгені бәрімізге мәлім. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр 
бұрын былай деп көрсеткен:
ْمِهِسُفنَأ ْنِمَو ُضْرَ ْلأا ُتِبنُت اَّمِم اَهَّلُك َجاَوْزَ ْلأا َقَل َخ يِذَّلا َنا َحْب ُس﴿
﴾ َنوُمَلْعَي َلا اَّمِمَو
«Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді және 
өздеріңді және сендердің т.б. білмейтін нәрселеріңді 
жұп-жұп қып жаратқан Аллаһ қандай пәк»
281
 
Желдің тозаңдау қызметі
«Хижр» сүресіндегі:
﴾ُهوُمُكاَنْيَق ْسَأَف ًءاَم ِءاَمَّسلا َنِم اَنْلَزنَأَف َحِقاَوَل َحاَيِّرلا اَنْلَسْرَأَو﴿
«Біз желді тозаңдау үшін жібердік, сөйтіп аспан-
нан жаңбыр жауғызып, сендерді сусындандырдық…»
аяты жаңбырдың жаууында, желдің тозаңдандыру 
қызметін атқаратындығын ашық баяндайды.
Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір-
бірімен қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан 
найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан 
күйі жерге жаңбыр жауғызады. Желдің бұлттарды айдап, 
бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта «бұлттарды бір-
біріне қосады» деп емес, «тозаңдайды» деп берілуі 
шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған 
желдің бұлттарды «тозаңдайды» деуінің астарынан 
бұлттардың да бейне бір аталық-аналық тәрізді позитив-
негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады. Демек, 
желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен қосып, 
281
Ясин сүресі/36.


247
Намаз
тығыздауы нәтижесінде оң немесе теріс зарядты жаңбыр 
жауғызуы оның «тозаңдауы» болмақ.
Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни осыдан он 
бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани 
атты ғалым жоғарыдағы аятты тәпсірлегенде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет