Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


түсірілген Құранға) күмәндансаңдар, қанеки, бір



Pdf көрінісі
бет142/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

түсірілген Құранға) күмәндансаңдар, қанеки, бір 
279
Һуд сүресі/11-13.


242
Ислам ғылымхалы
сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Аллаһтан 
басқа сенетіндеріңнің барлығын шақырыңдар, егер 
айтқандарың рас болса. Бұны жасай алмасаңдар, – 
ешқашан жасай алмайсыңдар да! Ендеше, отыны 
адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге әзірленген 
тозақ отынан сақтаныңдар». 
(Бақара, 23-24) Әншейінде 
намысшыл келетін шайырлар бұл жолы тағы да Аллаһтың 
талабын орындауда дәрменсіздік танытып, Құранға 
ұқсас кітап емес, тіпті он сүре де емес жалғыз сүре 
жазу қолдарынан келмегендіктен құлаққа ұрған танадай 
үнсіз қалды. Иә, күмән келтірген арабтардың өздерінен 
талап етілген Құранға ұқсас бір кітапты, яки он сүресін, 
тіпті жалғыз сүресін жазу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
жаңа дініне тосқауыл болудың ең қысқа әрі оңай жолы 
бола тұра, мал-жандарын қатерге соғатын соғыс жолын 
таңдауларының астарында Құран сүрелерінің ұқсасын 
жаза алмаулары бар еді. Өйткені, Құран мағынасындағы 
тереңдігі мен тәсіліндегі ерекшелігі жағынан арабтардың 
қара сөздеріне де, өлең шумақтарына да ұқсамайды. Он 
төрт ғасырдан бері Құран сүрелеріне ұқсас бір сүрені 
күллі адам баласының жаза алмауы – Құранның Аллаһ 
Тағала тарапынан жіберілген хақ кітап екендігінің айқын 
дәлелі.
• Құран тәсілі мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
хадисінің тәсілі арасында жер мен көктей ерекшелік 
бар. Ерекшелігі соншалық – кез келген арабша білетін 
адам мағыналары бір болып келетін Құран аяттары мен 
хадистерді, «мынау – аят», «мынау – хадис» деп оп-оңай 
ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың хадистерін 
өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп, Құранды өздері 
қолданатын сөйлеу тәсілдерінің ешқайсысына ұқсата 


243
Намаз
алмай, қайран қалатын. Себебі, Құранда арабтардың 
қолданған қара сөздеріне де, өлеңдеріне де ұқсамайтын, 
жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше 
өзіне ғана тән иләһи (құдайлық) тәсіл бар.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған 
уақытымызда терең толғанып, Аллаһтың ұлылығының 
алдында бас иіп, тебіреніп айтып тұрған адам бейнесі 
сезіледі. Ал Құранды оқыған уақытымызда Аллаһтың 
ұлылығы мен жаббарлығының үні байқалып, сөздің жұмыр 
басты адамнан емес, бүкіл әлемдердің Ұлы Жаратушы-
сынан келіп тұрғандығы сезіледі. Пайғамбарымыздың 
бір-бірінен тым басқаша екі тәсілді әр жерде еш ойлан-
бастан, оп-оңай түрде ажыратып қолдануы Құранның 
Иләһи екендігінің ашық дәлелі болса керек.
• Мектеп, университет оқымаған, оқу-жазу 
білмейтін адамның еш кемшіліксіз жеке тұлғалық
отбасылық, қоғамдық, экономикалық және заңға бай-
ланысты ережелер қойып, жүйе құруы және бұл жүйенің 
ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан алуан ұлттар тарапынан 
іс жүзінде қолданылып, ескірмеуі, тіпті заман ескірген 
сайын бұл иләһи ереже-қағидалардың жаңара түсуі – 
Құранның хақ екендігінің айғағы. Тарихта көптеген 
құнды кітаптар жазылған. Бірақ жұмыр басты пенденің 
туындысы болғандықтан, заманның жаңалығына өз 
шешімін беріп, адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін 
қанағаттандыра алмағандықтан, жаңа толқын тарапынан 
«ісің бітті» делініп, сөредегі орнынан беймәлім жаққа 
тәрк етілген. Ал, Құранға деген адамзаттың мұқтаждығы 
күннен-күнге артып отыр. Иә, заман ескірген сайын 
Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол 
ғасырлардағы аса көкейкесті мәселелерге дауа болған 


244


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет