312
Ислам ғылымхалы
де Шәууәл айы көрінуін қадағалайды. Жаңа ай көрінсе,
ертеңіне Рамазан айты басталады. Ал егер көрінбесе,
онда Рамазан отыз күнге толықтырылады. Яғни, ораза
ұсталады. Жаңа ай көрінген кезде тәкбір айтылуы керек.
Бұл – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жаңа айды көргенде
былай деп дұға ететін: «Аллаһым! Мына айды бізге бе-
рекет, иман және амандық пен тыныштыққа арқау ет.
Ей, жаңа ай. Сенің де, менің де Раббым – Аллаһ»
327
.
Біздің данышпан ата-әжелеріміздің жаңа ай туғанда –
«Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» – дейтін дұғалары
осы Пайғамбар дұғасының мағынасы емес пе? Яғни,
Аллаһым!
Жаңа айда жарылқап,
ескі айда жасаған
қателіктеріміз бен күнәларымызды кешір. Дана ата-
әжелеріміз ешуақытта айдан бір нәрсе тілеген емес.
Рамазан айы немесе ораза айты аспан ашық болған
кезде бірнеше адамның айды көруімен анықталады.
Әбу Ханифаның кей сөзі бойынша, екі әділ адам куә
болуы жеткілікті. Егер күн ашық болмай бұлт, тұман
секілді кедергілер кездессе, тек қана бір әділ, парасатты,
шыншыл адам ғана көрсе, оның куәсі жеткілікті. Бұл
адам әйел де, ер де болуы мүмкін.
Кейбір ислам
ғалымдары астрономия ғылымы
арқылы жаңа айдың кіргенін
анықтауға болады деп
фәтуа берген.
Оразаның шарттары
Достарыңызбен бөлісу: