Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы



Pdf көрінісі
бет182/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы 
(ашура) және он бірінші күндері ораза 
ұстау мұстахап немесе сүннет
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген кезде 
яһудилердің (еврей) ашура күні ораза ұстағанын 
көріп, «Бұл қандай ораза?», – деп сұрады. Оған: «Бұл 
– ұлы күн. Аллаһ бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын 
дұшпандардан құтқарған. Сондықтан осы күні Мұса (а.с.) 
ораза ұстайтын» – деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) сонда: «Мен Мұсаға сендерге қарағанда әлдеқайда 
жақынмын», – деді де, осы күні ораза ұстауды әмір 
етті
319
.
Харам айларда ораза ұстау
Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Рәжап 
айларының бейсенбі, жұма, сенбі күндері ораза ұстау 
– мәндүп.
Шағбан айында ораза ұстау
Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) 
Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай 
318
Ахмед ибн Ханбәл, V, 196.
319
Бухари, Саум, 69.


309
Ораза
айда ораза ұстамайтын. Ол Шағбан айының бәрін ораз-
амен өткізетін»
320
.
Мәкрүһ оразалар
Мәкрүһ оразалар «тахриман» және «тәнзиһан» 
мәкрүһ болып екіге бөлінеді.
1. Тахриман мәкрүһ ораза. Рамазан айтының бірінші 
күні мен құрбан айтының төрт күнінде ұсталған оразалар 
тахриман мәкрүһ. Өйткені, ол күндер – Аллаһтың бізге 
ұсынған сый-сыяпатты, қуанышты күндері. Бұл күндері 
ораза ұстаған адам күнәкар болумен қатар оразасы жа-
рамды. Мұндай ораза бұзылса, қазасы өтелмейді.
2. Тәнзиһан мәкрүһ. Тек қана ашура күні ораза ұстау, 
жұма күні ғана ораза ұстау және сенбі күні ғана ораза 
ұстау, наурыз күндерінде ораза ұстау – тәнзиһан мәкрүһ. 
Бірақ әдет етіп, ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес 
келсе, ештеңе етпейді. Жұма күні жайлы Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) былай дейді: «Түндер арасында тек қана жұма 
түнін ғибадатқа бөлмеңдер. Бірақ кімде-кім әдет етіп 
ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, бұдан тыс 
нәрсе
321
. Екі күн қатарынан ауыз ашпай ораза ұстау да 
мәкрүһ. Бұл – уисал оразасы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
үмбетіне жаны ашығаны үшін бұлайша ораза ұстауға 
тыйым салған. «Сен осылай ораза ұстайсың ғой» деп, 
сұрағандарға Ол: «Мен сендер секілді емеспін. Мені 
Раббым ішіп-жегізеді», – дейді
322
. Күмәнді күні де ораза 
ұстау – мәкрүһ. Яғни, Шағбан айының отызыншы күнін 
Рамазан күні ме, әлде Шағбан айы ма деп аспан бұлт 
320
Муслим, Салат, 176.
321
әш-Шәукани,ІV, 249.
322
Бухари, Саум,49.


310


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет