Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет183/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
болғандықтан күмән пайда болса, бұл күн «күмәнді күн» 
деп аталады. Бұл күні ораза ұстау – мәкрүһ. Тіпті екі 
күн бұрын да ораза ұстау – мәкрүһ. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) былай дейді: «Рамазанды бір немесе екі күн 
бұрын оразамен қарсы алмаңдар. Бірақ кімде-кім әдеті 
болғаны үшін ұстаса (ұстап жүрген оразасы осы күнге 
сейкес келіп қалса) ұстасын
323
. Кімде-кім осы күмәнді 
күнді рамазан оразасынан деп ұстаса, ұстаған оразасы 
мәкрүһ болумен қатар, кейіннен бұл күннің Рамазан 
күні екені анықталған жағдайда, бұл ораза – Рамазан 
оразасы саналады. Әйелдің күйеуінен рұқсат алмай 
нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ. Ері оған бұзғыза алады. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ері жанында бола 
тұрып, рұқсатсыз ораза ұстаған әйелдің оразасы адал 
болмайды»
324
. Қажылардың әлсіреп қалулары ықтимал 
болғандықтан «тәруия» және арафа күні ораза ұстаулары 
– мәкрүһ. Хайыз немесе нифас кезіндегі әйелдің ораза 
ұстауы харам болып, оразасы іске аспайды. Қазасын 
өтейді.
Оразаның уақыты мен Рамазан айының 
анықталу жолы
Оразаның уақыты
Ораза уақыты – екінші шапақтан басталып, күннің 
батуына дейінгі уақыт. Кейбір фақиһтер бойынша, 
сақтық үшін алғашқы шапақта ішіп-жеуді тоқтатқан 
жақсы. Кімде-кім шапақ жайында күмәнданса, сәресіні 
тоқтатқан абзал. Бірақ кімде-кім тоқтатпай ішіп-жеп, 
323
Бухари, Саум,5-14.
324
Бухари, Никах, 84-85.


311
Ораза
кейіннен уақыты шығып кеткенін білсе, оразасын қаза 
етуі керек. Рамазан айы – ашық аспанда жаңа туған айды 
көрумен немесе бұлтты күнде Шағбан айын отыз күнге 
толтыру арқылы білінеді. Құранда Аллаһ: 
«Кімде-кім 
ораза айында болса, ораза ұстасын»
325
. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.): 
«Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, 
екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды 
тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан 
айын отызға толықтырыңдар»
326
, – деген. Басқа бір 
хадисінде: «Ай жиырма тоғыз күн. Жаңа туған айды 
көрмейінше, ораза ұстамаңдар. Егер аспан бұлтты болса, 
Шағбан айын отызға толықтырыңдар», – дейді.
Аузы берік кісі күннің батып-батпағаны жайлы 
күмәнданса, аузын ашпағаны дұрыс. Ораза ұстаған адам 
анық уақытты білмесе, шамалаумен сәреге тұрып, шама-
лаумен ауыз аша алады. Шапақтың атқанын біле алмаған 
адам ерте бастан қам жасап, аузын ертерек бекітіп, ал 
күннің батқанын біле алмаған кезде, кештеу ашқан абзал. 
Бұл – сақтық үшін жасалған шара. Бірақ қазіргі таңда 
арнайы жасалған күнтізбелер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет