322
Ислам ғылымхалы
берген. Өйткені бұл емдік тәсілінің ауызға дәрі салып
жұтуға ұқсамайтындығы анық. Сондай-ақ демікпе не
тыныс жүйелерінде ақауы барлар да ауызға дәрі ша-
шыратса, ол өкпеден өтіп, асқазанға жетпейтіндіктен
оразаны бұзбайтындығы алға тартылған. Кейбір аурулар-
дан қорғану мақсатында ине ектіру де оразаны бұзбайды.
Өйткені бұндай жағдайда денеге қорек алу көзделмейді
делінуде. Бірақ, қоректену
мақсатында денеге қуат
беретін арнайы гемоглобин
секілді нәрселерді ине
арқылы қабылдау оразаны бұзады.
Жоғарыдағы қай пікірді таңдаса да, ұстанса да
негізгі жауапкершілік таңдаушыға тән. Негізі, дініміз
сырқаттанған немесе ем қабылдап жүрген кісілердің
ораза ұстамауына рұқсат еткен. Сондықтан емдікке ине
қабылдап жүрген адамның жақсы емделіп, болашақта
құлшылықтарын үлкен ықыласпен атқаруы мақсатында
Рамазан кезінде ораза ұстамағаны жөн. Бұл көзқарас
сақтық тұрғысынан да абзал екені сөзсіз. Ендеше бұл –
өздері шешетін мәселе.
Ал, ауырса да көпшілікпен бірге ораза ұстап, Ра-
мазан айының қасиетінен құр қалғысы келмеген кісі
екінші топтағы фиқһ ғалымдарының пікіріне сүйеніп,
ораза кезінде қоректік емес инелерді қабылдай беруіне
болады. Бірақ, сәресі уақыты шықпай тұрып немесе ауыз
ашардан кейін ине салдыру мүмкін болса, онда күндіз
салдырмағаны жөн.