324
Ислам ғылымхалы
бері қайталанып келе жатқан-ды. Тіпті қарт сұрағанда,
алманың түспей қалған бір де бір күні кездескен емес.
Ауыл адамдары болса, таңғажайып бұл құбылысты
сырттай бірнеше мәрте байқап, қойшы қартты «әулиеге»
жорысып қойғалы қашан.
Қарт кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, нама-
зын оқығаннан кейін әдеттегідей сол күнгі алмасын
сұрады. Алайда,
бір таңғаларлығы,
ағаш бұтақтары
жеміске толып тұрса да, қарт қолына ештеңе түспеді.
Қарт өз қалауын қанша қайталағанымен бәрібір ештеңе
бола қоймады. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы
тарам-тарам жасқа оранған қарт үнсіз
ғана алыстап
қойларына кетіп бара жатты.
Жеміс бергелі «баласы»
қарттың көңілін еш
қалдырып көрген емес еді. Мәпелеп өсірген баласына
дәл осы жолы көңлі қатты қалды. Көңілі құлазыған қарт
бойы бұл жолы тіпті шөкімдей боп, бұрыңғыдан да ала-
сарып, белі де бұрыңғыдан бетер бүкшие түскендей.
Малдарын қайырып, ауылға бет алғанда мешіттен
әуелеп шыққан азанға құлақ түрді. Азан өте бір ерекше,
әуезді үнмен оқылып жатқандай. Тіпті астарынан өзгеше
қуаныш та сезілетін секілді. Бірден іркіліп, бойын жинап
ала қойды. Қарт байғұс өмірге қайта келгендей күй кешті.
Өйткені есіне бір нәрсе түскен болатын.
Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз
болған қарт бірден әлгіндегі алма ағашына қайтадан
жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып,
кең құшағын төсей құшақтаған қарт:- Күнім, әшейін,-
деді иегі кемсеңдеп жылаған күйі,- айналайын, балам,
жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ