Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет198/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
Атау түрлері
Атау екіге бөлінеді:
Бірінші – шартты атау.
Кейбір нәрселердің іске асуына байланысты атаулар. 
Мысалы, «Осы дерттен бір құтылсам, ораза ұстайын» 
деуі – шартты атау. Атаған адам науқасынан айыққан 
жағдайда атауды іске асыру – уәжіп.
Шартты атаулар іс жүзеге аспай тұрып орындалса, 
жарамсыз саналады. Мысалы, науқастан айықпай тұрып, 
ораза ұстау.
Ханафи мәзһабында атаудың орындалуы үшін нақты 
белгіленген күні емес, басқа күні ораза ұстауға болатыны 
сияқты нәзірді аталған адамға яки аталған жерге емес, 
басқа адамға, басқа жерге де бере алады. Яғни, белгілеген 
күні емес, басқа күні ораза ұстауына, сол адамға емес, 
басқа адамға беруіне, т.б. болады.
Екінші – шартсыз атаулар. Екіге бөлінеді:
1. Белгіленген атау. Ешқандай шартқа қатыссыз 
белгілі бір уақытта іске асатын атаулар: «Осы аптаның 
жұма түні жүз рәкат намаз оқиын» деп атағанындай. 
Орындай алмаса, қазасын өтейді.
2. Белгіленбеген атау. Қандай да бір шартқа немесе 
заманға қатыссыз жалпы атаулар. «Бір апта ораза 
ұстайын» деуі осыған жатады.
Ал «Бірақ пәленшенің келуі үшін құрбан шаламын» 
деу – дұрыс емес, үлкен күнә. Аллаһқа серік қосу.
Бір адам Аллаһ үшін құрбан атаса, оны өзінің отбасы, 
ата-анасы жемейді. Жей қалған күнде құнын садақа етіп 
тарату керек.


337
Зекет
Иғтиқаф
Иғтиқаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге 
қамау деген сөз. Фиқһ терминінде – бір мешітте немесе 
соған ұқсас бір жерде иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір 
мезгіл сол жерде қалу. Бұл – уәжіп, мүәккад сүннет және 
мұстахап түрінде үшке бөлінеді. Аталған (иғтиқафқа 
кіремін деп сөз байланған) иғтиқаф – уәжіп, Рамазанның 
соңғы он күніндегі иғтиқаф – кифая жолымен мүәккад 
сүннет. Басқа бір уақытта ғибадат ниетімен бір мешітте 
бір мезгіл иғтиқафта болу – мұстахап. Иғтиқафтың дәлелі 
Құран мен сүннетте бар: Құранда: «Сендер мешіттерде 
иғтиқафта болғанда...
364
. «Менің үйімді (Қағбаны) тауап 
етушілер, ғибадатқа отырушылар, және рүкүғ, сәжде 
етушілер үшін тап-таза ұстаңдар»
365
– делінген. Бұл 
екі аятта да иғтиқаф ғибадаттарына тиісті мешіттерді 
көрсеткен. Айша, ибн Омар, Әнестің (р.а.) риуаятта-
рында былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Мәдинаға 
келгеннен кейін көз жұмғанға дейін Рамазанның ақырғы 
он күнін иғтиқафпен өткізетін
366
.
Иғтиқафтың мақсаты – адамның оңаша қалып 
шынайы ықыласпен Аллаһқа бет бұру, оған жақындауға 
тырысуы. Мұның ең аз мерзімі – бір күн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет