414
Ислам ғылымхалы
қолды иықпен бірге ашық тастау. Ихрамды бұлай ора-
нуды «изтиба» дейді. Әйелдер изтиба жасамайды.
2. Зиярат тауабының алғашқы үш айналымында
иықтарды сілтіген бойда қысқа адымдармен жылдам-
жылдам жүру. Бұлай жүруге «рәмәл» делінеді.
3. Тауаптың айналымдарын бірінен кейін бірін
істеу. Дәрет алу үшін айналымды тоқтатуға болады.
4. Ер адамдардың мүмкіндіктеріне қарай Қағбаға
жақын тауап жасаулары, ал әйелдердің еркектердің
арасына араласпайтындай жерден тауап жасаулары
сүннет.
Достарыңызбен бөлісу: