415
Қажылық
Ханафи мәзһабында үзір саналатын
себептер
Ауру, қатты кәрі болу, қатты әлсіз болу, талып
қалу, әйелердің хайыз болуы сияқты самауи
422
себеп-
тер. Мысалға, Арафатта уақфа жасап жатқанда талып,
құрбан айттан кейін оянған адамға, қажылықтың
уәжіптерінен саналатын Муздәлифә уақфасын, шайтанға
тас лақтыруды тәрк еткені үшін және шаш алғызуды
немесе қысқартуды кешіктіргені үшін жаза өтеу қажет
емес. Қажылығы дұрыс атқарылды деп есептеледі.
Бірақ себептер адамдардың қалауымен болса, мысалға,
бір қылмыс істеп, түрмеде тұтылса, орындай алмаған
уәжіптері үшін жаза өтеу керек.
Муздәлифәда уақфа жасау
(қажылықтың бірінші уәжібі)
Муздәлифә – Арафат пен Минаның ортасында
орналасқан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің
құрбан айтқа қараған түнін толық Муздәлифәда өткізу
– сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен тұру) жасау
– уәжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа
барлық жерінде уақфа жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: