Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


* * * Сағидің дұрыс орындалу шарттары



Pdf көрінісі
бет250/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

* * *
Сағидің дұрыс орындалу шарттары
1. Сағидің қажылық немесе умра үшін ниет етіп, 
тәлбия айтып, ихрамға кіргеннен кейін жасалуы. Қажы-
лық ғибадатын атқарушыға айттың алғашқы күнінен 
бұрын ихрамнан шығуына болмайды. Егер қажылық 
үшін жасалатын сағиді Арафатта тұрудан бұрын жасаса, 
ихраммен жасаған болады. Ал Арафаттан қайтқаннан 
кейін шайтанға тас лақтырып, құрбан шалғаннан соң 
жасаса, ихрамнан шығып та жасауына болады.
Умра үшін істелетін сағиді ихрамнан шықпай 
тұрып жасау – уәжіп. Умра тауабын орындап, сағиді 
жасамастан шашын алып немесе қысқартқан жағдайда 
ихрамнан шыққан болады. Ихрамнан шығып қойғаннан 
кейін жасалған умра сағиі дұрыс деп есептелінеді. Бірақ 
умра сағиін ихрамнан шықпай тұрып жасау – уәжіп 
болғандықтан, жаза өтейді.
2. Қажылық үшін істелетін сағидің қажылық айла-
рында жасалуы.
3. Дұрыс орындалған тауаптан кейін жасалуы. 
Дұрыс орындалған тауап – жүніп, хайыз, нифас күйінде 
жасалмаған тауап.
4. Тауаптағы жеті айналымның кем дегенде 
төртеуінің орындалған болуы. Төрт айналымнан кейінгі 
жасалмай қалған әр айналым үшін жаза ретінде садақа 
беру керек.


426
Ислам ғылымхалы
5. Сағиді Сафа төбесінен бастау.
Сағи уәжіптері
1. Сағидің жаяу жасалуы. Ауру немесе кәрілікке 
байланысты сағи жасай алмайтындар арнайы арбамен 
жасауларына болады.
2. Сағидің жеті шаут жасалуы (Сафадан Мәруаға 
бару – бір шаут, Мәруадан Сафаға кері қайту – бір 
шаут)
Сағи сүннеттері
Басқа ғибадаттар сияқты сағидің де сүннеттері 
бар. Бұл сүннеттерді орындау – үлкен сауапты іс. Бірақ 
істелмей қалған жағдайда күнә болмайды.
1. Тауаптан кейін сағиді орындау. Яғни, тауап на-
мазын оқығаннан кейін дереу сағиға бастау.
2. Сағиді дәретпен жасау
3. Денесінде немесе үстінде намазға кедергі бола-
тындай нәжіс болмау
4. Сағиді бастамас бұрын қара тасқа сәлем беру
5. Әр жүгірісте Сафа және Мәруаның Қағба 
көрінетіндей жеріне шығу
6. Әр жүгірісте Сафа және Мәруада жүзді құбылаға 
бұрып, тәкбір, таһлил айтып, дұға жасау
Тәкбір дегеніміз:{ُرَبْك ُللهأ} «Аллаһу әкбар» деп айту, 
ал, таһлил болса:
يَلَع َوُه َو ُدْم َحْلا ُهَل َو ُكْلُمْلا ُهَل ,ُهَل َكيِر َش لا ُهَد ْحَو ُُلاَّلاإ َهَلإ لا{
}ُريِدََََََََََق ٍء ْيَش ِّلًك


427


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет