462
Ислам ғылымхалы
«Кімде-кім сауап үшін мені Мешітімде зиярат етсе,
ол менің көршім болады. Қиямет күні оған шапағат
етемін»
446
.
ُهاَو ِس اَميِف ٍةلا َص ِفْلأ ْنِم ُل َضْفأ اَذَه يِد ِج ْسَم يِف ٌةلا َص{
ِفْلأ ِةأِم ْنِم ُل َضْفأ ِماَر َحْلاِد ِج ْسَمْلا يِف ٌةلا َصَو َماَر َحْلا َد ِج ْسَمْلا َّلاإ
}ُهاَو ِس اَميِف ٍةلا َص
Қазақша мағынасы:
«Менің осы мешітімде
оқылған бір намаз – Мәсжидул-Харамнан тыс басқа
барлық мешіттерде оқылған мың намаздан да (сауап
жағынан) артық. Ал, Мәсжидул-Харамда оқылған бір
намаз–барлық мешіттерде оқылған жүз мың намаздан
да артық»
447
يِد ِج ْسَم َو ُماَر َحْلاُد ِج ْسَمْلأ :َد ِجاَسَم ِثَلاَث َّلاإ ُلا َحِّرلاُّدَشُت َلا{
}ي َصقلأاُد ِج ْسَم َو اَذَه
Қазақша мағынасы:
«Осы үш мешіттен басқа (намаз және ғибадат
үшін) ешқандай мешітке жолға шығу дұрыс емес. Бұл үш
мешіт: Мәсжидул-Харам, Мәсжидул-Ақса, Мәсжидул-
Нәби (Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешіті»
448
«Үйім мен мінберімнің арасы – жәннат
бақшаларынан бір бақша»
449
.
Иә, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірін зиярат
ету – мүміндер үшін
парыз болмаса да сауабы мол
маңызды іс. Уақыттың
ыңғайына қарай қажылық
446
Кәшфул-хафа, 2/250.
447
Бухари, 2/56.
448
Бухари, 2/56.
449
Бухари, 2/57.
463
Қажылық
амалдарынан бұрын немесе
кейін Мәдина қаласына
барып, Пайғамбарымыздың мешіті мен қабірі зиярат
етіледі. Зиярат жасаған уақытта әдеттегісінен де көбірек
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) салауат және сәлем
айтады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Маған сәлем
берген әрбір адамның сәлемін Аллаһ Тағала менің рухыма
білдіреді»
450
, – деген.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітіне «Бәбус-
Сәлем» немесе «Бәбул-Жибрил» есігінен әдепті түрде
Салауат және Сәлем айтып кіреді. Егер мәкрүһ уақытқа
сәйкес келіп қалмаса, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұрлы
қабірі мен мінберінің арасында екі рәкат тахйиатул-
мәсжид (мешітке сәлем) намазы оқылады. Өйткені,
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Үйім мен мінберімнің арасы
жәннат бақшаларынан бір бақша, ал мінберім – қиямет
күні маған сыйланатын кәусәр бұлағының үстінде
болады»
451
– деп, мінбері мен қабірі арасындағы жердің
қасиеттілігіне назарымызды аударған. Тахийатул-
мәсжид намазын оқығаннан кейін Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) мешітін зиярат ету бақытына кенелгендігі үшін
екі рәкат шүкір намазын оқып, намаздың соңынан өзіне,
әке-шешесіне және күллі мұсылман бауырларына дұға
жасап, тілек тілейді. Сосын Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
нұрлы қабіріне баяу жүріспен барып, зиярат етеді.
Пайғамбарымыздың
бас жағына барып, «Әссәләму
а’лайка әюһан-нәбию уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ.
Әссәләму а’лайка иа саийди иа расулулаллаһ» деп сәлем
және салауат айтып, Аллаһ Тағалаға жалбарынып, дұға
жасап, тілек тілейді. Бұларды жасаған уақытта айғайлап,
450
Әбу Дәәуд, Мәнасик,96.
451
Муслим, Хаж, 502.