460
Ислам ғылымхалы
парызынан құтылуы үшін өзінің тікелей қажылыққа
баруы керек.
3. Өкіл жіберуші өкілдің қажылыққа баруына
рұқсат беруі керек. Егер өкіл ретінде баратын адам өкіл
жіберушінің өтініші мен рұқсатынсыз қажылыққа барса,
ол қажылық өкіл жіберушінің мойнындағы парызды
түсірмейді.
4. Өкіл жіберуші кісі қажылық қаражаттарын өзі
көтеруі керек. Егер өкіл өз қаражатымен барған
болса,
өзінің орнына қажылыққа барғанға жатады. Ал егер
өкілдің жұмсаған қаржысы өкіл жіберген кісінің берген
қаржысынан аз болса, өкіл жіберушінің мойнынан
қажылық парызы түседі. Мирасқорлардың үкімі бұл
үкімге кірмейді. Белгілі бір адамның артында қалған
мирасқоры өзінің қаржысымен оның орнына қажылыққа
баруына болады.
5. Қажылық – ғибадат,
сондықтан қажылыққа
біреуді жалдап, өзінің орнына өкіл ретінде жіберуге
болмайды. Жіберген жағдайда өкіл өзінің мойнындағы
қажылық ғибадатын атқарған болады.
6. Өкіл ретінде баратын адам балиғат шағына
жеткен, ақыл-есі дұрыс, қажылық ғибадатының қалай
орындалатынын білуі тиіс.
7. Өкіл ретінде жіберілген адам ихрамға кірмес
бұрын өзін жіберген адамның атынан қажылық жасауды
ниет етуі керек.
8. Өкіл ретінде жіберілген адам қажылық ғибадатын
тікелей өзі жасауы керек. Әр түрлі себептерге байланы-
сты өзінің орнына басқа біреуді өкіл жасауына болмай-
ды. Бұлай істелген жағдайда қажылық қаражаттарын
өкіл жіберушіге қайтарып беру керек. Өйткені, негізгі
461
Қажылық
өкіл жіберуші өкілінің өкіліне қажылыққа баруға рұқсат
берген жоқ. Бірақ негізгі өкіл жіберуші адам өкіліне басқа
біреуді орныңа жіберсең болады немесе «қалағаныңды
істе» деп кеңдік жасап, рұқсат беріп жатса, басқа біреуді
орнына жіберуіне болады.
9. Өкіл ретінде жіберілген
адам өзін жіберген
адамның тапсырмаларын бұлжытпай орындауы керек.
Мысалға, жіберген адам өкілден «ифрад» қажылығын
жасауды талап етсе, өкіл «ифрад» қажылығын жасамай
«тәматтуғ» қажылығын жасаса, өкіл ретінде жіберілген
адам өзінің орнына қажылық жасаған болады. Бұндай
жағдайда өкіл ретінде жіберілген адам алған қажылық
қаржыларын иесіне қайтарып беруі керек.
Өкіл жіберуші адам өкіліне қажылықтың қай түрін
орындауын тағайындап тапсырмай, қажылық жасауын
талап еткен жағдайда,
ифрад қажылығы орындалуы
керек. Ал егер «қалаған қажылық түрін жаса» деп өкіліне
кең ауқымды рұқсат берсе, қалаған қажылығын жасайды.
Өкіл ретінде жіберілген адам жіберуші адамның орнына
қажылық ғибадатын орындағаннан кейін, өзі үшін умра
жасауына мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: