Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет28/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
7. Мәкрүһ
Мәкрүһ – сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген 
нәрсе деген мағынаны білдіреді. Діни терминге салсақ, 
дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен 
ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы 
мәкрүһке жатады.
Мәкрүһ екіге бөлінеді:
Харамға жақын мәкрүһ (Тахримән мәкрүһ). Дәрет 
алғанда суды ысырап ету, т.б.
Халалға жақын мәкрүһ (Тәнзиһән мәкрүһ). Мұрынды 
оң қолмен шаю, т.б. Мәкрүһтің үкіміне келсек, мәкрүһті 
істемеген жағдайда – сауап. Мәкрүһтің ішінде харамға 
жақын мәкрүһті жасаған адам ақыретте азапқа ұшырауы 
ықтимал. Бұл – Имам Ағзам мен Әбу Юсуптың көзқарасы. 
Имам Мұхаммед: «Харамға жақын мәкрүһ дәл харам 
секілді қабыл етіліп, ақыретте азапқа лайық», – дейді.
Халалға жақын мәкрүһке келсек, жасалуында 
ақыретте азап жоқ. Бірақ жасамаса – сауап. Мәкрүһті 
халал санау – қателік. Бірақ адам діннен шықпайды.
8. Мүпсит
Мүпсит – басталған ғибадатты бұзатын нәрсе. 
Мүпситтің әдейі жасалуы күнә тудырады. Қателесіп 
жасаса, күнә мен азап жоқ. Намазда өз-өзін ұстай алмай 
күлу секілді іс-әрекеттер осыған жатады.


53
І БӨЛІМ
ТАЗАЛЫҚ
«Сөзсіз, Аллаһ тәубе еткендер мен 
тазаланғандарды жақсы көреді»
«Бақара» сүресі
«Тазалық – иманның жартысы»
Хадис шәриф


54


55
Тазалық және көлемі
Ислам діні тазалыққа үлкен мән берген. Аллаһ Тағала 
алдына шығу үшін дене, киім және намаз оқитын жердің, 
жүректің тазалығын әмір еткен. Құранда тазалыққа 
үлкен мән бергендер мақталған және бұл Аллаһтың 
сүйіспеншілігіне лайық іс екені айтылған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет