Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


жүректеріңді орнықтырып, табандарыңды бекіту



Pdf көрінісі
бет30/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

жүректеріңді орнықтырып, табандарыңды бекіту 
үшін төбелеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді»
24

«Біз көктен таза жаңбыр жаудырдық»
25
. Тазалық үшін 
қолданылатын су: қар, бұршақ, жауын, құдық, теңіз, өзен, 
бұлақ, көл, сел сулары. Судың үш сипаты бар: реңі, исі, 
дәмі. Реңі өзгермеген, исі шықпаған, дәмі бұзылмаған 
су – таза.
2. Сұйық заттар: гүл суы, лимон, анар секілді жеміс 
суларымен киім және денедегі ластықтарды тазартуға 
болады. Бірақ дәрет, ғұсыл алынбайды. Ерітілген май, 
бал, сүт, ет суы, т.б. сұйық заттармен дәрет те, тазалық та 
23
Хамди Дөндерен. Делиллериле Ислам Илмихали. Станбул. 
1991. 130-136.
24
Әнфал, 8/11.
25
Фұрқан, 25/48.


57
Тазалық
жасалмайды. Суда топырақ, кір жуу ұнтағы, сабын секілді 
заттардың құрамы аз болса, тазалаушы рөлін атқара 
алады. Сол секілді дәрет пен ғұсылда қолданылған су 
«қолданылған су» деп аталады. Мұндай сумен ластықты 
тазалауға жараса да, дәрет, ғұсыл алынбайды
26
.
3. Сүрту арқылы тазалау: Пышақ, леген, шыны, т.б. 
сол секілділер кірленгенде топырақ немесе ылғал мата-
мен ластық кеткенге дейін сүртсе, таза деп есептеледі. 
Мысалы, қой сойған пышақты жақсылап топыраққа 
ысқылап сүртсе, таза. Мұндай пышақты беліне байлап, 
намаз оқыса, намазы дұрыс. Дәлеліміз: Сахабалар 
соғыста дұшпанмен айқасып, кейіннен қылыштарын 
сүртіп, намаз оқыған.
4. Отқа қою арқылы тазалау: Темірде қан секілді лас 
нәрселер болса, оны темірді отқа қою арқылы тазалауға 
болады.
5. Доңыздан басқа кез-келген өлген хайуанның 
терісі иленсе, таза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 
«Кез- келген тері иленсе, таза»
27
.
Таза саналған нәрселер
Исламда жер, су, өсімдіктер, ағаштар, жемістер, 
доңыздан басқа барлық жан-жануарлардың сыртқы 
денелері, тірі иттің жүні мен терісі таза. Сондықтан 
бұларға тиген су да таза саналады. Көгершін секілді 
жеуге болатын құстардың саңғырығы таза. Көкте ұшқан 
бір көгершін Ибн Омарға саңғып кеткенде, саңғырықты 
сүртіп тастап, намаз оқығаны осыған дәлел. Көшедегі 
26
Кәсани, Алауиддин Әбу Бәкр ибн Мәсууд. Бәдәуи´с-Санай’и 
фи Тәртбиш-Шәрәй’и. Бәйрут.1974. 83-87.
27
Муслим, Хайыз, 105; Әбу Дәәуд, Либас, 38.


58
Ислам ғылымхалы
адамдарға шашыраған су таза. Өйткені, бұдан сақ болу 
қиын. Мұндай киіммен намаз оқуға болады. Бірақ, лас 
су екені анық білінсе, ол басқа мәселе
28
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет