Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет50/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Тәйәммүм сүннеттері
Тәйәммүмді Аллаһ атымен бастап, тазалануға ниет 
ету.
Екі қол саусақтарының арасын ашық ұстап, таза 
топыраққа ұрып, ары-бері қозғау.
Қолдарындағы артық шаңды қағып тастап, бетті 
мәсіх ету.
Қолдарын қайта топыраққа соғып, сосын саусақтарын 
қағып, сол алақанымен оң қолын, оң алақанымен сол 
қолын шынтақтарына дейін түгелдей мәсіх ету.
Алдымен жүзді, одан кейін қолдарды мәсіх ету. 
Бұларды жасаған кезде көп кідірмеу.
Тәйәммүмді намаз уақыты кіргеннен кейін жасау.
93
Ибн Абидин, 1, 330.


90
Ислам ғылымхалы
Тәйәммүм шарттары
Ниет. Ниет тәйәммүмде парыз. Тәйәммүм алатын 
кісі қолын тәйәммүм соғылатын топыраққа қойған кезде, 
яки тәйәммүм ала бастағанда, намаз немесе басқа дәретсіз 
жасауға болмайтын ғибадатты іске асыру мақсатымен 
алу қажет. Мұндай ниеті болмаған кісі тәйәммүммен 
намаз оқи алмайды. Яғни, әр ғибадатқа арнайы ниет 
шарт
94
.
Тәйәммүмді қажет ететін үзір. Қалада тұрып судан 
бір мил (1848м) қашықта болу. Ауру, қауіпті суық
дұшпан, су болмау қаупі, су шығаратын құралдың 
жоқтығы. Жаназа намазы немесе айт намазының өтуінен 
қорқу секілді себептерге байланысты тәйәммүм алуға 
болады.
Тәйәммүм топырақ, тас, тозаң, құм секілді 
нәрселерден алынуы тиіс. Күл, алтын, отын, темір секілді 
нәрселермен іске аспайды.
Тәйәммүм ететін мүшелерді түгелдей мәсіх ету
Қолдарды топыраққа екі рет соғу. Бірінші жүзін 
екінші, екі қолын шынтақтарына дейін мәсіх ету.
Хайыз немесе нифастың бітуі.
Дененің мәсіх етуге кедергі жасайтын май секілді 
нәрселерден таза болуы.
Тәйәммүм уақыты
Намаз уақыты кірмей тұрып тәйәммүм соғуға 
болады. Бірақ су табылып қалар деп үміт еткен адамның 
тәйәммүмді кешіктіріп алуы – мәндүп. Ханафилер-
де уақыттың шығуынан қорыққанда, мына кездерде 
94
Білмен, Омер Насухи. Бүйүк Ислам илмихали. Станбул. 1967. 
99.


91
Тазалық
тәйәммүм соғуға болады. Жүніп те болса, жаназа, не 
айт намазына үлгере алмаудан қорыққан адам тәйәммүм 
соғып, имамға ұйи алады. Өйткені, бұл екі намаздың 
қазасы жоқ. Ибн Аббас былай дейді: 
«Кенеттен жаназа 
намазын көріп, оны өткізіп алудан қорықсаң, тәйәммүм 
ал да, жаназа намазын оқы»
95
. «Кусуф» намазы да сол 
секілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет