Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Барлық на- маздарды және орта намазды сақтаңдар»



Pdf көрінісі
бет52/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Барлық на-
маздарды және орта намазды сақтаңдар»
97
. «Расында, 
намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді»
98

«Алайда, олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ 
ұстап, шынайы түрде Аллаһқа құлшылық етуден, 
намазды тұп-тура оқудан және зекет беруден өзге 
96
Тәубе, 9/103.
97
Бақара, 2/238.
98
Ниса, 4/103.


96
Ислам ғылымхалы
нәрсеге әмір етілмеген болатын»
99
. «Намазды толық 
оқыңдар...»
100
.
Сүннеттен дәлелдер: Бұл туралы риуаят етілген 
көптеген хадистер бар. Бұлардың кейбіреуі:
«Ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген бір хади-
сте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 
«Ислам бес 
нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне 
және Мұхаммед Аллаһтың Елшісі екеніне куәлік ету, 
намаз оқу, зекет беру, шамасы келсе қажылыққа бару 
және Рамазан оразасын ұстау»
101
.
Хазіреті Пайғамбар Муаз ибн Жәбәлді (р.а.) Йе-
менге жіберіп жатқанда, оған былай дейді: 
«Сен әһли 
кітап саналған қоғамға бара жатырсың. Оларды ал-
дымен Аллаһқа құлшылық етуге шақыр, Аллаһты қабыл 
етсе, Аллаһтың оларға бір күнде бес уақыт намаз парыз 
еткенін айт. Намазды қабыл етсе, Аллаһ Тағаланың 
олардың ауқатты жандарына кедейлерге беру үшін 
зекет парыз еткенін айт. Қабыл етсе, олардан зекет 
ал. Бірақ адамдардың мал-мүлкінің ең жақсысын алма, 
жәбір көргеннің қарғысынан сақтан. Өйткені, оның 
дұғасы мен Аллаһ Тағаланың арасында перде жоқ»
102
.
Сонымен қатар, күллі Ислам ғалымдарында бір 
күнде бес уақыт намаздың парыздығы жайлы бір ауыз-
дан құптаушылық бар.
Намаздың һижреттен (көш) бұрын Миғраж түнінде 
парыз болғаны жайлы нақты хабарлар бар. Әнас (р.а.) 
жеткізген бір хадисте айтылады: 
«Миғраж түнінде 
99
Бәййәна, 98/5.
100
Хаж, 22/78.
101
Бухари, Иман, 1,2; Муслим, Иман, 19-22.
102
Бухари, Зәкәт, 41, 63, Мағази, 60, Тәухид, 1; Нәсаи, Зәкәт; 
Дарими, Зәкәт, 1.


97
Намаз
Хазіреті Пайғамбарға елу уақыт намаз парыз етілген, 
кейін азайтып беске түсірді. Сол кезде Аллаһ Тағала 
былай деді: «Ей, Мұхаммед! Менің сөзім өзгермес. Бес 
уақыт намазда сен үшін елу уақыт намаздың сауабы 
бар»
103
.
Намаз балиғат жасына жеткен, ақылы толысқан 
әрбір мұсылманға парыз. Бірақ жеті жасқа келген 
балаларға намаз оқуды үйрету керек. Он жасқа келгенде 
намаз оқымаса, жай-жай ұруға болады. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) былай дейді: 
«Балаларға жеті жасқа келгенде 
намаз оқытыңдар, он жасына келгенде (намаз оқымаса 
жай) ұрыңдар және сол жаста төсегін бөлек салып 
беріңдер»
104
.
Бір күнде мұсылмандарға бес уақыт намаз – парыз. 
Атау (нәзір), үтір, және айт намаздары – уәжіп. Бір 
бәдәуи (шөл адамы) жайлы хадисте намаздың бес уақыт 
екені айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Бір күннің 
ішінде парыз етілген намаз бесеу», – дейді. Бәдәуи сонда: 
«Менің бұдан басқа борышым бар ма?», – деп сұрағанда, 
Аллаһ Елшісі: «Жоқ, егер өздігіңнен нәпіл намаз оқысаң, 
ол басқа», – деп жауап қайтарады. Сонда бәдәуи: «Сені 
ақиқатпен жіберген Аллаһқа ант етемін. Бұдан басқа 
не артық, не кем намаз оқымаймын», – деді. Сонда 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Сөзі рас болса, ол 
адам жәннатқа барады»
105
.
103
Тирмизи, Салат, 45; Нәсаи, Салат, 1; Ахмад б. Ханбәл, 3, 161, 
4 208-209.
104
Әбу Дәәуд, Салат, 26; А. Ханбәл, 2, 180-187.
105
Бухари, Имам, 34; Шаһадат, Имам, 8-10-15-17-18; Әбу Дәәуд, 
Салат, 1.


98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет