95
Намаз және оның дәлелдері
Аллаһтың бар екендігі мен даралығын біліп растау
– ең үлкен парыз. Осыдан кейінгі парыздардың ең үлкені
және ең маңыздысы – намаз. Намаз – жүректің нұры,
рухтың күші, мұсылманның кереметі.
Намаз – сөздікте «дұға ету», «жақсы дұға ету» деген
мағынаны білдіреді. Аллаһ Тағала Құранда:
«Оларға
дұға ет. Сенің дұғаң оларға рақымшылдық»
, – дейді
96
.
Шариғатта намаз –
тәкбірмен басталып, сәлеммен
аяқталатын, ерекше қимыл-қозғалыстар мен сөздерден
тұратын ғажайып ғибадат.
Намаз Исламнан бұрынғы илаһи (құдайлық) діндерде
де парыз-ды. Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) бес уақыт
намаз парыз етілмей тұрып, тек қана таң мен ақшам
уақытында екі рет намаз оқылған. Кейін Миғраж түнінде
бес уақыт намаз парыз болды. Намаздың парыздығы
Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған.
Құранның көптеген жерінде «Намаз оқыңдар және зекет
беріңдер» – деп намаздың өте маңызды парыз екендігі
білдірілген. Олардың кейбірі мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: