А. М. Касенова. Стандарттау


II тарау. Сертификаттау жэне сэикестікті растау негіздері 147



Pdf көрінісі
бет101/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   184
II тарау. Сертификаттау жэне сэикестікті растау негіздері 147
1990 ж. - қалған елдерде аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган- 
дарды құру.
Халықаралық ынтамықтастық
1977 ж. - Халықаралық зертханаларды аккредиттеу жөніндегі 
кооперация.
1991 ж. - Халықаралық аккредиттеу жөніндегі форум.
Өңірлік ынтымақтастық
- Еуропа (Еуропалықаккредиттеу жөніндегі ынтымақтастық).
- Азия-Тынық мұхит елдері:
- Азия-Тынық мұхиты өңірі зертханаларын аккредиттеу 
жөніндегі кооперация;
- Тынық мұхит Аккредиттеу жөніндегі кооперация;
- Орталық-Азиялық;
- Солтүстік Америка (Зертханаларын аккредиттеу жөніндегі 
үлттық кооперация);
- Орталық жэне Оңтүстік Америка (Сәйкестікті растау 
жөніндегі ақпараттық-консультациялық кеңес)
- Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африкалық Аккредиттеуді 
дамыту).
Әдетте, дамыған шетелдерде аккредиттеу негізі 70-жылдардың 
ортасынан бастап қалана бастаған бірыңғай үлттық аккредит­
теу жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің жеке 
түрі ретінде халықаралық жүйелерде аккредиттеу саласындағы 
жүмыстарды үкіметпен уэкілеттік берілген меншіктің түрлі 
нысанындағы арнайы ұйымдар орындайды.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды (СРО) және сынақ 
зертханаларын (СЗ) аккредиттеу үлттық деңгейде әлемдік пра- 
ктикада қабылданған процедуралар мен критерийлер бойынша 
жүргізіледі және әдетте халықаралықжэне өңірлік (оның ішінде 
еуропалық) нормативтік қүжаттарда берілген принциптерге не- 
гізделеді. Бұндай қағидаттар: аккредиттеудегі еріктілік пен оған 
міндеттеудің жоқтығы; кәсіби қүзыреттілік; қандай да болсын 
айрықша мүдделердің басымдылық мүмкіндіктерінен тәуелсіздік; 
кемсітушілік пен аккредиттеу кезінде мәселелерді алалап шешім 
қабылдау мүмкіндіктерін болдырмау; мөлдірлік (анықтық) пен 
жалпыға қолжетімділік; қүпиялылық; жүйе қызметіне қоғамдық 
бақылау; аккредиттеудің бірыңғай ережелері болып табылады [1].


148 Стпндарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
Аккредиттеудің үлкен объективтілігі үшін аккредиттелетін 
үйымдарды бағалау жэне аккредиттеу бойынша шешім қабылдау 
жөніндегі іс-әрекет бөлінуі керек. Аккредиттеу жөніндегі орган 
ішкі күжатталып рәсімделген сапа жүйесіне ие болуы керек.
Санамаланған қағидаттарды сақтау сенімділік қалпын құру 
жэне аккредиттеу жүйесін үлттық, өңірлік жэне халықаралық 
деңгейде өзара тану үшін негіз болып табылады.
Барлық жүйелерде аккредиттеу процедуралары үқсас жэне 
мына кезеңдерден тұрады:
1) өтінім берушінің аккредиттеуге арналған өтінімді беру;
2) аккредиттеу жөніндегі қүжаттарға сараптама жүргізу жэне 
ақпарат жинақтау;
3) кәсіпорын-өтінім берушіге орнында зерттеу жүргізу;
4) барлық материалдарды талдау жэне аккредиттеу туралы 
шешім қабылдау;
5) аккредиттеу туралы қүжат беру;
6) аккредиттеу аттестаты қолданысының барлық мерзімі 
ішінде аккредиттелген үйымға кезеңді бақылау жүргізу.
Аккредиттеу жөніндегі жүмыс жүргізуге шығындарды өтінім 
беруш і төлейді.
Шет елдерде аккредиттеу талаптарын орындау аккредиттелген 
үйымның құзыреттілігін бағалау бірлігі мен салыстырмалыгының 
кепілдігі болатын сәйкес нормативтік қүжаттармен регламентте- 
летін қызметтің жеке түрі болып табылады.
Аккредиттеудің басты мақсаттары - үйымдардың құзыретті- 
лігін растау жолымен оган сенімді қамтамасыз ету, бір салада 
түрлі үйымдардың іс-әрекет нәтижелерін өзара тану үшін жағдай 
туғызу.
Осы мақсатта 1978 жылы бірінші рет халықаралық сынак 
зертханаларын аккредиттеу жөніндегі конференция - ИЛАК, кей- 
іннен, 1991 жылы халықаралық сертификаттау жөніндегі орган- 
дарды аккредиттеу жөніндегі форум ИАФ қүрылды.
ИЛАК басты міндеті ретінде аккредиттелген зертханалар- 
да орындалган өлшеулер мен сынау нәтижелерін тану жолымен 
саудаға көмектесу үшін халықаралық кооперацияны дамыіл деп 
қойды. 1996 жылы ИЛАК аккредиттеу жөніндегі органдар арасын-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет