А. М. Касенова. Стандарттау


II тарау. Сертификаттау және сәикестікті растау негіздері 143



Pdf көрінісі
бет98/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   184
II тарау. Сертификаттау және сәикестікті растау негіздері 143
2.11 Экологиялық сертификаттау
Экологиялық сертификаттаудың мақсаты өндірушілердің 
қоршаған ортаны сақтауға арналған өнімдерді жэне технология- 
ларды өндіріске енгізу болып табылады.
Көп өнімдерге экологиялық сертификаттау немесе белгісі осы 
өнімдердің бәсекелестігінің жоғары екенін анықтайтын фактор.
Қазіргі кезде Қазақстанда экологиялық сертификаттау енді 
ғана дамып келе жатыр. Экологиялық сертификаттау облысына 
жататын объектілер келесі:
1) 
өнім, 
үрдістер, 
жүмыстар, 
қызметтерге 
арналған 
экологиялық талаптар;
2) ҚР Мемстандарт жүйесінің ережелерімен экологиялық спе- 
цификасына қарай сертификатталмайтын объектілер;
3) нормативтік талаптар және сертификациялық процедуралар 
дайындалмаған қоршаған орта жэне оны қүрайтындар.
Экологиялық сертификаттаудың актуалды сферасы бүл -
калдықтар. Осы саладагы сертификаттау қалдықтардың қоршаған 
ортаға әсерін жою жэне оны екінші рет қолдану болып табылады.
Келесі сала - ішетін су бойынша сертификаттау жүмыстары 
қазіргі кезде жақсы жүргізіліп жатыр. Ішетін су, материалдар
шаруашылық ішетін сумей қамтамасыз етудегі технологиялық 
үрдістер жэне қүрал-жабдықтарды сертификаттаудың процедура- 
лары дайындалып жатыр.
Ішетін суды сертификаттау Қазақстан Республткасында 
жүргізіліп жатыр.
Батыс Еуропа елдерінде экологиял ық сертификаттау өте жақсы 
дамыган. Ол көбінесе сертификаттауды толықтырады және мін- 
детті болып келеді. 1960 жылдан бастап Францияда заңмен ауыл


144 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
шаруашылығы өнімдерінің сертификатталуы бекітілген, осының 
негізінде экологиялық белгілер енгізілген. Экосертификаттаудың 
қағидалары -тұтынушы жэне қоршаған орта үшін өнімнің қауіпсіз 
болуы. Франциядағы экосертификаттаудың ережелері бойынша 
тұтынушы экологиялық таза өнімдерді бақылауға, экосертификат 
беруші орган құрамына кіруге құқысы бар.
Г ерманияда экологиялық сертификаттау 1974 жылы басталған. 
Германияда экосертификаттауды жүргізу жұмысына «Сапа жэне 
сертификатау кепілдігін беретін Неміс институты», «Қоршаған 
ортаны қорғау бойынша Федералдық бюро», «Неміс өндірісінің 
ассоциациясы», «Сауда ассоциациясы» қатысады.
Еуропадағы қоршаған ортаны қорғау мәселесі Данияда ерек- 
ше түрде қарастырылады, себебі Дания табиғатты ластаушы 
Шығыс-Еуропа, Үлыбритания, Швейцария елдерімен шекарала- 
сып жатыр. Данияда химия өнімдерін жэне олардың компонент- 
терін қолдану жэне өндірісін реттейтін заңдар жүмыс істейді. Осы 
зандарда экосертификаттау қағидалары көрсетілген. Дания парла­
мент! Евроодақтағы экология облысындагы барлық іс-шараларды 
ескереді. Дания мемлекеті экологиялық белгілердің қолданылуын 
қамтамасыз етеді, бірақ бүл ерікті түрде болу керек деп санайды. 
Дания өңірлік үйымдар - ИНСТА, НОРДЕСТ жэне НОРДА-ның 
жүмыстарына қатысады.
Евроодақтагы экосертификаттау принциптері. Евроодақтағы 
европалық экосертификаттау барлық елдерде ерікті түрде 
жүргізіледі. 1993 жылы ЕО Директивасы қабылданған, осы 
директиваның негізінде экосертификаттаудан өткен өнім ортақ 
Европа нарыгына сатылуына рүқсат алады жэне оның багасы 
екі есе жоғары болады. ЕО экосертификаттау жүйесі «голу­
бой ангел» неміс экосертификаттау жүйесіне негізделген. 
Экосертификаттаудың 
ережесі 
барлық 
тауар 
түрлеріне 
қолданылмайды. ЕО экосертификаттаудың белгісін тауарға беру 
ұлттық деңгейде жүргізіледі. Евроодақта экологиялық таңбалау 
арнайы белгімен белгіленген. Осы белгінің енгізілу мақсаты -
түтынушыларға сатып алынатын тауардың экологиялық жағдайы 
туралы шынайы ақпарат беру жэне тауар өндірушілердің 
қоршаған ортаға байланысты нормаларды және талаптарды 
сақтауга стимул береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет